Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда милион берешегі бар борышкерлердің көлігін тәркілеп жатыр
Қарызы барларды камера арқылы анықтады. Алматының салықшылары мен сот орындаушылары бүгін дәл осындай әдіспен берешегі милион теңгеден асқан борышкерді тауып, қымбат көліктерін сол жолдың бойынан тәркіледі.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
11.08.2021
Құзырлы органдар ескертуді елемей салықтан жалтарған азаматты аяған жоқ. Жүргізуші сан мың сылтау айтуға тырысқанымен, салықшылар темір тұлпарын бірден айып тұрағына алып кетті. Өйткені салыққа немқұрай қарайтын азаматтардан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алудан басқа амал жоқ дейді.
Алматы қаласында 58 мыңға жуық тұрғын көлік салығын жылдап төлемеген. Олардың қазынаға жалпы қарызы 4 млрд. теңгеден асып жығылады. Енді салыққа салғырт қарайтындардың ісі сотта қаралатын болады.
Айжан Бекеева, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
- Қазіргі таңда көлік салығына борышы барларға қатысты іс-шара жүргізіліп жатыр. Қазір төлеу оңай. Онлайн түрде болады. Мобильдік қосымша арқылы немесе екінші деңгейлі банктер арқылы төлеуге болады. Бұл жұмыс жыл аяғына дейін жүргізіледі. Сондықтан қарызы бар адамдар салықты тездетіп төлеп тастауды сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram