{metadescription}
0:000:00
Алматыда жасөспірімдер театрында экологиялық спектакль қойылды – Қар барысы

Алматыда жасөспірімдер театрында экологиялық спектакль қойылды – Қар барысы

Алматыда көрерменді жануарға деген жанашырлыққа тәрбиелейтін алғашқы экологиялық спектакльді Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қойды.

Бұл жолы ел елегінде жүрген еліміздің таулы аймақтарында мекендейтін айбынды қар барысын қорғау туралы қойылым ұсынылды.

Қар барысының тіршілігін көрсететін  қойылымды кішкентай көрермендер мен ата-аналары асыға күтуде. Көпке сабақ болатын спектакль әдеттегідей қараңғылықтан басталды. Бұл таңғажайып балалар ертегісінде жақсылықтың міндетті түрде зұлымдықты жеңетіні, ал батыл жүрек жеңіс пен әділеттілікке жеткізетіндігін көрсетеді. Қойылымның басты мақсаты – Қызыл кітапқа енгізілген хайуанаттың қатары сиреп бара жатқанын жеткізу.

Арман Кашкинбеков, Халықаралық қар барысы қорының директоры:

Қазақстанда қар барысының санын сақтап қалу және көбейту мақсатында өткізілетін спектакль. Өйткені елімізде қар барысының саны 130-ға ғана жуықтайды. Сол үшін Қызыл кітапқа енгізілген. Қазақтың символы құрып кетуіне жол бермеуіміз керек. Үлкенді-кішіге сабақ болары анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде