{metadescription}
Ақтауда көпқабатты үйдің шатырын тауық қораға айналдырған
Ақтауда көпқабатты үйдің шатырын тауық қораға айналдырған

Ақтауда көпқабатты үйдің шатырын тауық қораға айналдырған

Ақтауда көпқабатты үйдің шатырын тауық қораға айналдырған тұрғынға айыппұл салынды. Ол азық-түліктің қымбаттығынан амалсыз құс өсіруге бел будым дейді.

Он қабатты үйдің шатырында тауық ұстаған тұрғын бір-екі көршісінен рұқсат та алыпты. Бірақ өзге тұрғындар әтештің ақырған дауысынан  ұйқымыз бұзылды деп шу шығаруда.

Бұл үйдің тұрғындары таңды тауықтың дауысымен атырамыз деп ашулы. Алғашында түк түсінбеген олар көршісінің шатырда құс асырайтынын кейін біліпті. Он қабатты үйдің төбесін тауық қораға айналдырған Рүстем Тінеев мұндай қадамға азық-түліктің бағасы қымбат болған соң бардым дейді. Мәселен, бұрын бір данасы 35 теңге тұратын жұмыртқа қазір 55-60 теңгеге көтерілген. Сондықтан бала-шағамды  осылай жұмыртқамен қамтып отыруды ойладым дейді. Бірақ тауықтарынан әлі жұмыртқа алып үлгермепті.

Рүстем Тінеев, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Азық-түлік қымбаттасып жатыр, білесіздер. Сол үшін осындайға барып отырмын. Отбасыма ауыр болғаннан кейін. Мына жер қараусыз болғаннан кейін тазалап, тауықтарға үйшік қылдым, бақтым.

Тауық қора иесі көпқабатты үйдің шатырындағы шағын бөлме ешкімге керек болмаған соң тазалап алдым деп отыр. Ал пәтер иелері кооперативі 10 қабатты үйдің шатырына ешкімге кіруге рұқсат жоқ екенін айтады. Тіпті сақтық үшін құлып салған көрінеді. Сөйтсе тауық бағатын тұрғын көрші үйдің төбесінен өткен екен. Шыдамы таусылғандар бүгін полицей шақырды.

Олжас Әлімбаев, Ақтау қаласы полиция басқармасы ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары:

- Орын алған оқиға бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы және 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Тауық қора иесіне екі бап бойынша 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Алты баланың әкесі бұл әрекетке бала-шағамды асырау үшін бардым деп отыр. Сондай-ақ ол алдағы бір-екі күннің ішінде тауық қорасын тазалап, үй құстарын бұл жерден алып кетуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.