{metadescription}
«Бастау» кинофестивалінде 35 мемлекеттен 80 режиссер бағын сынайды – Алматы
«Бастау» кинофестивалінде 35 мемлекеттен 80 режиссер бағын сынайды – Алматы

«Бастау» кинофестивалінде 35 мемлекеттен 80 режиссер бағын сынайды – Алматы

Алматыда студенттік және дебют фильмдердің халықаралық байқауы басталды. «Бастау» кинофестивалінде 35 мемлекеттен 80 режиссер бағын сынайды. Бес күн бойы алматылықтар мен қала қонақтары жас киногерлердің туындысын тегін тамашалай алады.

Биыл IX мәрте өткізілетін байқаудың ерекшеліктері конференцияда талқыланды. Мың жарымнан астам өтінім түсіп, оның ең үздіктері іріктелген. Фестиваль көркем фильм, деректі, анимациялық және дебют фильм сияқты 4 бағытпен өтеді. Еуропа мен Азияның жас режиссерлерін қолдап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін байқау қызықты әрі тартысты болғалы тұр.

Сергей Әзімов, «Бастау» ХКФ президенті:

- Біздің негізгі мақсатымыз – жастарға, соның ішінде дарынды жастарға назар аудару. Біздің бұрынғы фестивальға қатысқан азаматтардың болашағы да, келешегі де бар. Кәсіби кинода жасап жатыр. Фильмдері талай-талай жүлде алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.