{metadescription}
Перуашев: Халық ақшасы зейнетақы қорының жеке меншігі емес
Перуашев: Халық ақшасы зейнетақы қорының жеке меншігі емес

Перуашев: Халық ақшасы зейнетақы қорының жеке меншігі емес

Халық ақшасы зейнетақы қорының жеке меншігі емес. Келесі жылдан бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс соманың шекті мөлшерінің артуына мәжілісмендер қарсы. Жаңа шешіммен келіспеген депутаттар ең төменгі жалақы зейнетақы төлеміне тікелей әсер ете алмайды деп есептейді.

Сол себепті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қадамын сынға алған халық қалаулылары салымшылардың сеніміне селкеу түсті дейді.

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

- Қоғамды дүр сілкіндірген резонанс Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларымен кері байланысы жоқтығын көрсетеді. Бұл қаражат зейнетақы қорының меншігі емес. Бұл ақша сандаған миллион адамның маңдай тері. Екіншіден, жұрттың зейнетақы қорының табыстылығына қатысты сұрағы көп. Халық өз қаражаты құнсызданып бара жатқан соң, Қордан алып, қажетіне жұмсап жатыр. Соған байланысты Қор қаражатты басқару жөнінде ашық жұмыс істеуі тиіс. Салымшылар оған сенуі тиіс. Өкінішке қарай ондай әрекет көріп тұрған жоқпыз.

Депутаттардың сөзінше, зейнетақы қоры шекті қаражат мөлшерін жарияламас бұрын Үкіметпен, салалық министрлікпен талқылау өткізу қажет. Керек болса қоғамдық талқылау жүруі тиіс. «Бұл математикалық формуламен есептеп қабылдай салатын шешім емес» деген мәжілісмендер әрбір қаражаттың артында мыңдаған адамның тағдыры тұрғанын айтады.

Өткен аптада зейнетақы қорында қалуы тиіс сома көлемі келер жылдан бастап екі есеге жуық көтерілетіні мәлім болды. Мұны естіген жұрт қордың платформасы арқылы салымдарын алуға асықты. Үш күнде 46 мың адамнан өтініш түсіп рекорд орнатқан. Мұны жауапты мекеме тарапы әлеуметтік төлемдердің өсуімен түсіндірген болатын. Алайда сарапшылар шекті мөлшердің ұлғаюын зейнетақы қорының мүшкіл жағдайымен байланыстырады. «Жаңа шешім қаражатты халыққа бермеудің амалы», - дейді тәуелсіз сарапшылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.