{metadescription}
Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялар 39 мың қызметкерді  қысқартады
Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялар 39 мың қызметкерді  қысқартады

Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялар 39 мың қызметкерді  қысқартады

Атырау облысында жұмыссыздардың саны күрт көбеюі мүмкін. Себебі: Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялар 39 мың қызметкерді жаппай қысқартпақшы. Ал олардың 50 пайызы атыраулықтар.

«Келешек кеңею» жобасы аяқталысымен, жұмысшылар жаппай қысқартуға ұшырайды. Келер жылдың наурыз айына дейін 8 мың адамды вахталық аймақтан шығару жоспарланған. Оның 2 мыңға жуығы – жергілікті тұрғындар. Ал 2024 жылы жалпы саны 60 мыңнан астам адам босайды. Алайда жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы: «Ешкім жұмыссыз қалмайды» деп отыр. Өйткені келер жылы мұнай-химия саласында инвесторлық жобалар ашылмақшы екен.   

Еркебұлан Әбілқасымов, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл тек қана болжам. Биыл да 15 мың жоспарланған болатын болса, соның тек екі мыңдайы қысқарды. Қысқарған жағдайда мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы 12 мыңға жуық халықты жүмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде 20 мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде