Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ковид-19 күніне 10 мыңнан астам адамнан анықталып жатыр
Елімізде КВИ жұқтырғандар саны бір айда он есеге өсті. Қазір вирус күніне 10 мыңнан астам адамнан анықталып жатыр. Республиканың басым бөлігі «қызыл» аймақта. Әзірге «жасыл» аймақта тек Түркістан, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай, Әзиза Ғазезқызы, Айман Нұрмағанбет
14.01.2022
Эпидахуалдың өршуіне байланысты бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді. Ережеде қоғамдық тамақтану орындары, сауда желілері, салондар, банктер Ashyq-пен жұмыс істеуге тиіс.
Екі жарым ай ғана «жасыл» аймақта болған Елорда төрт күннен бері қатаң карантин шараларымен шектелген. Бүгін денсаулық сақтау министрлігі 5500 астаналықтардың вирус жұқтырғанын мәлімдеді. 13 өңірдегі науқас санын қоссаң, мұндай адам шошырлық сан шықпайды. Сондықтан дәрігерлер бірден төрт ауруханадағы жансақтау бөліміндегі керует санын көбейткен.
Жағдайдың ушыққанын байқаған бас санитар бүгін түнде қаулы жариялады. Шектеу шаралары күшейтілген. «Қызыл» аймаққа енген облыстарда енді оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшеді.
Бүгіннен бастап ұлттық компания қызметкерлерінің басым бөлігі онлайн жұмыс істеуге жіберілмек. Эпидахуалдың күрт нашарлап кетуіне жыл басында болған тәртіпсіздіктің еш қатысы жоқ дейді министрлік.
Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің ресми өкілі:
- Өткен жылдың аяғында, жаңа жыл алдында адамдар тығылып корпоратив кештерін өткізген. Біздің тыйымымызға қарамастан. Отырыстар өткізген. Бір-біріне қонаққа барған. Сол мерекелік іс-шараларда санитарлық талапты сақтамағандықтан, мінеки, бүгінгі күні өзінің белгісін беріп отыр.
Ішкі рейстерге коронавирустың бар-жоғаын анықтайтын тест нәтижесінің керегі жоқ. Ал сапарлап кеткен жерлестеріміз 72 сағаттық ПТР-дің теріс нәтижесінсіз ұшақ бортына кіре алмайды.
Төтенше жағдайдың орнауы вирус жұқтырушылар санының көбеюі бизнес нысандарға оңай соғып тұрған жоқ. Карантин кезінде мардымды табыс таба алмаған кәсіп иелері тіпті тұралайын деп тұр. Егер азаматтар қарапайым қағидаларды сақтамаса, ақпан-наурыз айында короновирус жұқтырушылардың саны 40 мыңға дейін өсу қаупі бар. Денсаулық сақтау министрлігінің «пессимистік» сценариі осындай екен.
Ал Алматыда бір аптаның ішінде кесел жұқтырғандар саны екі есеге өсіп, бүгін, 3-ші күн «қызыл» аймақта. Қалада пайда болған жаңа «омикрон» штамы халық арасында тез таралып, көп ұзамай «Дельта» штамын ығыстыруы әбден мүмкін.
Алматының жаңа бас санитар дәрігері короновирус наурыз айының басында өршиді деп болжап отыр. Ол кезде тәулігіне 4 мыңдай адам ауру жұқтыруы мүмкін.
Қарлығаш Әбдіжаббарова, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:
- Алматыда «омикрон» штамына тән белгілер байқалады. Вирустың бұл нұсқасы басқаларға қарағанда тез таралады және көптеген мутацияны қамтиды. Бір адамнан бес адамға беріліп, иммундық жүйені жеңу қабілеті бар. Қайта жұқтыру қаупі жоғары. Көбіне 20-30 жас аралығындағы тұрғындарға қауіпті. Короновирус жұқтырудың пессимистік болжамы бойынша, наурыз айының басында тәулігіне 3800 жағдай күтілуде.
Ал эпидахуалдың нашарлауына байланысты қазірдің өзінде шектеу көбейген.
Мәселен, Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін еске алуды қоспағанда банкеттер, үйлену тойлар мен мерейтойларды өткізуге және қатысуға тыйым салады. Күні ертеңнен бастап Ashyq-та «жасыл» мәртебесі жоқтар спорт орталығына, моншаға, саунаға кіре алмайды.
Маңғыстау облысында да эпидахуал нашарлап барады. Төрт ай «жасыл» аймақта тұрған өңір кешелі бері «қызылға» өтті. Соңғы тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққан 200 науқас тіркелді. Аймақтың бас санитар дәрігері мұны тұрғындардың бетперде тақпай, арақашықтықты сақтамауымен байланыстырады.
Ауырғандардың басым бөлігі Ақтау қаласында. Стационарларда жатқан науқас саны да төрт есеге артқан. 56 науқас оттегі баллонының көмегімен демалуда. Санитар дәрігерлер қазір «қызыл» аймақ ережесіне сай жаңа қаулы әзірленіп жатыр Жаңа құжатта бірқатар карантин шектеулері бар.
Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:
- Біз 19-на дейін жұмыс уақытымен төтенше жағдай заңдылығына сәйкес жұмыс істейміз. 19-нан кейін егер Мемлекет басшысының жарлығы шығып төтенше жағдай алынса, бас дәрігердің қаулысына сәйкес, «Ашық» жүйесіне қосылғандар мен қосылмағандар да жұмысын атқаратын болады. Жұмыс күндері, демалыс күндері жаңағы көрсетілген бұрынғы, сауда орталықтары, сауда-ойын орталықтары, басқа да орталықтарға тек қана «жасыл» статусы бар кісілерге және бұған спа-орталықтар, фитнес клубтар, спорттың айналасындағалар қосылған.
Санитар дәрігерлер аурудың асқынып кетуін вакцина алу қарқынының төмендігімен түсіндірді. Өйткені Маңғыстау облысы ел бойынша екпе салдырудан ең соңғы орында тұр. 193 мыңнан аса адам вакцинаның бірінші компонентін алса, екінші компонентін 176 439 адам салдырған. Ал 11 мыңнан аса тұрғын ревакциналаудан өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram