{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында түгелдей бір отбасы ыстан уланып өлді

Алматы облысында түгелдей бір отбасы ыстан уланып өлді

Алматы облысында түгелдей бір отбасы ыс тиіп қайтыс болды. Қайғылы жағдай Талдықорған қаласының қасындағы Еңбек ауылында тіркелді. Ерлі-зайыпты екі баласымен бірге ақауы бар пештен шыққан газдың иісінен көз жұмды.

Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, жас отбасы үй жалдап тұрыпты. Мәйіттер екі-үш күндей жатып қалған. Күйеуі мен әйелі 1998 жылы туған. Ал марқұм болған балалардың үлкені төрт жаста, кенжесі бірге енді толған. Алдын ала болжам бойынша олар осыдан екі-үш күн бұрын ыс тиіп қаза тапқан.

Ерлан Ахашов, Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары:

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шыққан соң нақты себебі белгілі болады. Дегенмен болжам бойынша мұржа бітеліп, улы түтін үйдің ішін жайылған. Тұрғындарды әсіресе қыс мезгілінде қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде