Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қаңтар оқиғасы: Қамалған азаматтарды азаптау фактілері
Қаңтар оқиғасында қамалған азаматтарды азаптау фактісімен 98 қылмыстық іс қозғалған. Және әрқайсысы мұқият тексеріледі деп сендірді бүгін Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының сұрауына жауап берген сыртқы істер министрлігі.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
03.02.2022
Жаппай наразылық кезінде ұсталғандарға күш қолданып қатыгездік көрсеткен құзырлы орган өкілдері заң шеңберінде жауап беретінін жеткізді сыртқы ведомство өкілдері. Қазақстан билігі заңсыз ұстау мен азаптаудың кез келген түріне қарсы делінген мәлімдемеде.
Ал тергеу абақтысында отырған адамдарға адвокаттар мен дәрігерлердің кіруі қамтамасыз етілген. Азаматтардың полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағым жолдауы мақсатында «шұғыл желі» ашық.
Қамалған азаматтардың құқығын қорғауға белгілі заңгерлерден құрылған қоғамдық комиссия да тартылған.
Жалпы, алдағы уақытта сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Human Rights Watch халықаралық үкіметтік емес ұйымның атқарушы директоры Кеннет Роттың кездесуі жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram