{metadescription}
0:000:00
Кеніш жабылатынын естіген қушоқылықтардан маза кетті – Қарағанды облысы

Кеніш жабылатынын естіген қушоқылықтардан маза кетті – Қарағанды облысы

Қарағанды облысында Қушоқы кентінің тұрғындары төбесінен жай түскендей жаңалық естіп дүрбелеңге түсті. Өйткені ондағы тіршіліктің тірегіне айналған кен орны консервацияға жабылатын болды.

Ал ондағы барлық жұмыскер Қушоқы ауыының азаматтары. «Қазақмыс» корпорациясы оларға басқа кеніштен жұмыс ұсынғанымен, кент тіршілігі тұралайтын болды деп қынжылады тұрғындар.

Рамиль Хайруллин кенші:

- Менің жеке үйім, от жағатын пешім бар. Күнде от жағып күл шығарымын.  Басқа кенішке барып келіп жұмыс істей алмаймын. Кентте 5 мыңнан аса тұрғын бар. Барлығы осы кенішке қарап отыр, басқа табыс көзі жоқ. Кеніш жабылса, жұмыс жоқ ауыл қаңырап қалады. 

Қушоқы кентінің жұртына жайсыз жаңалықты кеніш басшылығы кеше ғана айтқан. Бұл ауыл тұрғындары мен өндірістегі 200-ден аса жұмысшыны дүрліктіріп тастады. Өйткені кенттегі қолынан іс келетіннің барлығы осы жерде еңбек етеді. Ал кен орны ауылдағы әлеуметтік меселелерді шешуде айтарлықтай үлес қосып отырған. Компания басшылығы кеніштегі көмір қазудың шығыны отынның өзіндік құныннан еселеп асып кеткенін айтады.

Бірақ мұндағылар жұмыссыз қалмайды. Олардың барлығы 60 шақырым жердегі басқа кенішке ауыстырылады. Ал жергілікті билік өкілдері компанияның мұндай шешімін күтпеген болып шықты. Кенттің тіршілігін кен орны қамтамасыз еткенге үйреніп қалған олар енді ауылды құлдыратпауға тырысамыз деп сендіруде. 

Сержан Аймақов, Бұқар жырау ауданының әкімі:

- Бұл жағдайды біз халықпен бірге бірінші рет естіп отырмыз. Көше жарығы, асфальт, жолдар да осылардың балансында болды. Бірте-бірте 17-18-19 жылдары, кейінгі үш-төрт жылда өз коммуналдық балансымызға алдық. Сондықтан бұлардың балансында, бұларға біз де бағыныштымыз, бұларға байланыстымыз деген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.