Биыл азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін
Биыл азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін. Тек Қазақстанда емес, дүниежүзінде азық-түліктің ахуалы мәз емес дейді ауыл шаруашылығы министрі. Әлемде қазір тамақ құнының рекордтық өсуі байқалады.
Автор: Елдос Есенбол
17.05.2022
Ал елдегі бағаны ұстап тұру үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз дейді Ербол Қарашөкеев. Соның бірі – азық-түлік тауарларына арнаулы квота енгізу. Министр өз сөзіне мысал етіп картоп бағасын келтірді. Былтыр бұл көкөністің келісі 500 теңге тұрса, биыл көтерме бағамен 150-170 теңгеге ала аласыздар деді ведомство басшысы. Бірақ шектеу енгіземіз деп асыра сілтеуге де болмайды. Бағаны тұрақтандырамыз деп квотаны көбейте берсек, шаруалар шығынға ұшырауы әбден мүмкін екен. Бұл ретте министр диқандарды тілге тиек етті. Өйткені астық экспортына мүлде шектеу қою керек деген де ұсыныс министрлікке көп түскен.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Жыл сайын 11-15 миллион тонна бидайды экспорттаймыз. Соның ішінде ішкі нарықтың қажеттілігі 7-ақ миллион тонна. Он екі миллион дейік, 12 миллион тонна бидайды тек Қазақстан ішінде қалдырып ұнға айналдыратын болсақ, ұнға макарон шығару 500-ақ мың тонна керек. Қалған ұнды қайтеміз...
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!