{metadescription}
Ибулла Серді туралы анық ақпарат берген адамға — қомақты ақшалай сыйлық
Ибулла Серді туралы анық ақпарат берген адамға — қомақты ақшалай сыйлық

Ибулла Серді туралы анық ақпарат берген адамға — қомақты ақшалай сыйлық

«ҚазТрансГаз»-дың бұрынғы топ-менеджеріне іздеу жарияланды. Жыл басында ғана ұлттық компанияның басқарма төрағасы қызметін уақытша атқарған Ибулла Сердіні қаржы мониторинг агенттігі ірі көлемде ақша жымқырды деп айыптап отыр.

Агенттік ол туралы анық ақпарат берген адамға қомақты ақшалай сыйлық та қарастырып қойыпты. 46 жастағы Ибулла Серді талай жылдан бері мұнай-газ саласында қызмет етіп келе жатқан белгілі топ менеджерлердің бірі. "ҚазМұнайГаз", "Интергаз Орталық Азия" сияқты компанияларда басшылық еткен.

Қаңтардағы ауыс-түйісте «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясын да уақытша басқарды. Қаржылық мониторинг агенттігі оны "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқырды" деп айыптады.

Бірақ қай жақтан, қанша ұрланғаны әзірге айтылған жоқ. Агенттік тек қашқынның қайда жасырынғаны немесе қандай да бір ақпараты бар адамның аты-жөнін құпия сақтауға уәде беріп отыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі:

- Қаржылық мониторинг агенттігі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат Ибулла Серді алдын ала сөз байласу арқылы  аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде