Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Барымташылар Ақмола облысынан 39 бас жылқыны Жамбыл облысында сатып жіберген
Ақмола облысының полицейлері өрісте жүрген 39 бас жылқыны екі жүк көлігіне тиеп әкеткен бір топ ұрыны қолға түсірді. Олар Ерейментау ауданынан ұрлаған үйірді Жамбыл облысына апарып сатып жіберген.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
16.06.2022
Ұрылар алыстан келген. Бірі – ресейлік, екеуі Жамбыл облысының тұрғындары. Байсары ауылының маңында жайылып жүрген жылқыларды түн ішінде жайлаудағы қораға әкеліп қамап, екі көлікке басып алған. Ұрланған 40 шақты жылқымен Ерейментаудан Нұрсұлтан қаласы арқылы Таразға, одан Байзақ ауданына жеткенше 1700 шақырым жүріп өткен көліктерді жол-жөнекей ешкім тоқтатпаған. Діттеген жеріне жеткенде жылқыларды сойып, етін «АСА ЕР» базарына өткізген. Қазір үш күдікті де қамауда.
Оралбек Сыздықов, Ақмола облысы ПД бөлім бастығы:
- Күдіктілердің бірі Ресей Федерациясында үш адамды өлтіргені үшін ресми іздеуде екен. Олар өрістегі мал бағусыз қалған сәтін аңдыған. Түнде әрекет еткен. Қазір мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл ауыл тұрғындарының малы. Шығын 18 миллион теңге деп бағаланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram