{metadescription}
0:000:00
Жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болуы мүмкін

Жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болуы мүмкін

Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болуы мүмкін. Миллиондаған азаматтың баспана мәселесін шешуге септігі тиеді делінген жоба бүгін үкіметте таныстырылды. Әзірге қағаз жүзіндегі бағдарлама "7-20-25"-тің жалғасы болмақ. Өйткені, сол қолданыстағы бағдарламасының мерзімі келесі жылдың соңында аяқталады. Сонымен жаңа жобаның шарттары қандай? Сарапшылар оған қандай баға берді?

Басыбайлы баспаналы болу жыл санап елдегі әр азаматтың арманына айналып бара жатқандай. Миллиондаған халқы бар мегаполистерді былай қойғанда былтырмен салыстырғанда биыл Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрғын-үй беру қарқыны төмендеген. Пәтер жағалаған көп қазақтың мәселесін шешуге үмітті жаңа ипотекалық жоба бүгін үкіметте таныстырылды.

Ол келесі жылы аяқталатын «7-20-25» бағдарламасының орнын басуы тиіс есептелген. Себебі, аталған жобаның мерзімі аяқталғанда әлі 35 мың пәтерге сұраныс орындалмай қалады екен. Бұл 500 миллиард теңгенің шаруасы. 

Сонымен жаңа жобаның шарттары мынадай: Әуелі 20 пайыздық бастапқы жарна міндет. Несиені көп дегенде 20 жылға дейін рәсімдей аласыз. Банк сізге 35 миллион теңгеге дейін береді. Ең бастысы қарызды өтеуге қауқарлы екендігіңізді көрсету керек. Ал несие үстемесінің бір бөлігін мемлекет субсидияламақ.

Қанат Шарлапаев, "Бәйтерек" ҰБХ " АҚ Басқарма төрағасы:

- Ұлттық банктың базалық мөлшерлемесі деңгейінен бес пайыздан аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін жеті пайыз субсидияланады. Екінші деңгейлі банктер өз қаражат есебінен құрылыс шаруашылығында бастапқы тұрғынүйіне және қазақстан тұрғын-үй компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын-үйге қарыз бере алады.

Бірақ, сарапшылар негізі субсидияны банк арқылы емес, тікелей азаматтардың өзіне берген жөн дегенді айтады. Бірақ, елде басқа қаржылық институттар боламаған соң осылай амалдауға тура келеді. Десе де үкіметтің ипотекалық бағдарламалары мерзімінен әлдеқайда кешігіп келе жатыр дейді экономист-сарапшылар. Әрі жаңа жобаға ілуге үшін ел азаматтар қалтасын біраз қалыңдатуы керек. 

Бекнұр Қисықов, экономист:

- Орташадан жоғары деп айтуға болады сондай жанұяларға келеді. Бірақ, егер жағдайлары мүмкіншіліктері төмен немесе орташа болатын болса оларға қолжетімді болмайды. Бұл жерде керек десең субсидияны екі пайызға дейін түсіру керек. Дүниежүзінде сондай бар.

Үкіметте таныстырылған жаңа ипотекалық жобаны қолданысқа енгізу үшін ешқандай заңнаманы өзгерту керек емес дейді «Бәйтерек» холдингінің төрағасы Қанат Шарлапаев.  Бағдарлама осы күйінде қала ма, әлде қандай да бір түзету енгізіле ме? Ол жағы белгісіз. Әзір қолда бар қаржысына азаматтар «7-20-25» бағдарламасының мерзімі аяқталғанша баспанасын ала алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде