{metadescription}
0:000:00
Атыс шығаруына отбасындағы жанжал себеп

Атыс шығаруына отбасындағы жанжал себеп

Әйелімен ұрысып, тұтас ықшамауданды аяғынан тік тұрғызды. Алматыда атыс шығарған азаматтың әрекетін полиция отбасындағы жанжалмен байланыстырып отыр. Алыс сапардан келген жүк көлігінің жүргізушісі жұбайымен не бөлісе алмағаны әзірге белгісіз. Бірақ келе сала ұрыс-керіс шығарып, артынша Алатау сити тұрғынүй кешенінің ауласында оқ атқан. Іле-шала тәртіп сақшылары да жетті. 37 жастағы азамат енді осы қылығы үшін 7 жыл бостандық көрмеуі мүмкін.

Қап-қара киініп, иығына қару асынып алған ер адам үйлердің ауласында жәйбарақат жүр. Тіпті, көліктердің жанына тығылып, бірдеңені көздеуде. Арада уақыт өткесін ақыры бір оқ атылды. Абырой болғанда адамға емес, аспанға.

Аспанға атты

Бейберекет оқ атқан ер адамның өзі де қатты қобалжығаны көрініп тұр. Біресе, аулада жүріп тұрғындардан темекі сұрайды, біресе орындыққа жайғасып аяғын дірілдетіп отыр. Бірақ жан-жақты қоршап, қаумалаған арнайы жасақ пен полицейлерге күдікті қарсылық көрсеткен жоқ. 

Қаруыңды тасты

Оқиға кеше түнгі 10-дар шамасында болды. Атылған мылтықтың дауысы, көліктің дабылы Алатау-Сити тұрғындары мен осында жұмыс істейтіндерді орындарынан тұрғызған. 

Ардақ Ермеков, Алматы қаласының тұрғыны:

Жұмыста отырғанбыз. «Банқ» деген дауыс шықты. 03:40 Біраздан кейін у шу болып кетті. Біреу атысып жатырғой деп терезеден қарап қалсақ мына жерде бір топ адам. Қызықтың бәрі артта болып жатыр. Сомен шықтық көрейік деп. 3 сағаттай ұстай алмай жүрді ғой ананы. Ұстағанда да әрекет те жасаған жоқ. Біздікілер мына жерде қарап-қарап жүрді әйтеуір.

Куәгерлердің айтуынша, иығына қару асынып алған мына үйдің тұрғыны осы жолда арлы-берлі жүріп, бірінші оқты әуелі аспанға атқан. Не үшін екені белгісіз. Бәлкім, жүзін көрсеткісі келмеді ме екінші оқты бейнебақылау камерасына атып, өздеріңіз көріп тұрғандай тас-талқанын шығарған. Сөйтіп, қолындағы оқ толы қорапты осында қойып, мына орындықта біршама уақыт отырған. Айдың, күннің аманында мылтық ұстап тұрғындардың үрейін ұшырған күдікті жалпы осы аулада үш сағаттай емін-еркін жүріпті.

12 қабатты үйдің төбесінде тұратындар оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып әлек болып жатқанда бірінші қабаттағылар үрей құшағында отырған. Мәселен, Нұржамал Шәукерова дүрсілді естіген бойда немере, бала-шағасымен бірге жерге жата қап тығылыпты. Өйткені, қару кезінген азамат дәл үйінің алдында оқ атып, 2 сағат жүрген.

Нұржамал Шәукерова, Алматы қаласының тұрғыны:

Біз бәріміз ас бөлмесінде жерде жаттық. Кәдімгі еденге жатып, 2 сағат бойы балаларымның бәрі қорқып, жылады. Содан кейін менің қызым шығып бара жатыр екен, мына кісі үйге кіре бер деп айтыпты. Мына кісі мылтықты қолына ұстап отырған. Менің көзім көрмегенғой. Үйге кіргенде атылғаны жақсы болды. Содан екі сағаттай болды. Милициялар мен спецназдар келді. Әзер ұстадығой бұл кісіні.

37 жастағы ер адам тауар тасушы болып жұмыс істейді екен. Көршілерінің сөзінше, алыс жолдан үйіне келген ол бірден әйелімен жанжалдасып қалыпты..  

Клара Таменова, Алматы қаласының тұрғыны:

Терезеден қарасам мына орындықта отыр екен. Қолындағы жанағы қаруы бар. Бірақ, екі адам ерлі зайыпты қыз бен жігіт өтті жанынан. Ол ешкімге тиіскен жоқ. Одан кейін тағыда бір екі адам өтті. Тиісіп, сес көрсетіп ондай ешнәрсе болған ждоқ. Тып-тыныш отырды. Адамдар жанынан өтіп жатты. Ортақ чаттан оқыдым, дальнобойщик болып жұмыс істейді екен. Әйелімен ұрысып қалыпты деп.

Атыстың салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір түн ортасында оқ атқан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Кешкі ондар шамасында 102 пультіне қарулы ер адамның екі рет оқ атқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлерімен ол ер адам ұсталды. 1985-ші жылы туылған М есімді азамат осы алматылық тұрғын болып шықты. Алдын ала болжам бойынша, ер адамның мұндай қадамға баруына отбасылық жанжалдың салдарынан бел байлаған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ешкімге тиіспеді дегенімен, бұл күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Оған қатысты 293-ші баптың 3-ші тармағы, яғни қару қолдану арқылы бұзақылық жасау бойынша іс қозғалған. Енді осы әрекеті үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.