{metadescription}
0:000:00
Ерлік ескерусіз қалмады

Ерлік ескерусіз қалмады

Үш бөлмелі пәтер, ерлігі үшін медаль, жоғары оқу орнына тегін грант. Үш жасар баланы құтқарған астаналық бозбала бір күнде осыншама марапатқа ие болды. Құтқарушылар келгенше жетінші қабатқа көтеріліп, баланы терезеден қағып алған Есдәулет Дәуітбеков осылайша көпшіліктің қошеметіне бөленіп отыр.

Бүгін оны Төтенше жағдайлар министрі жеке қабылдап, медаль табыс етті. Оқу ағарту министрі университетке грант ұсынса, құрылыс компанияларының бірі елордадан үш бөлмелі пәтер сыйлады. Футбол ойнауға кетіп бара жатқан 17 жастағы Есдәулет терезенің темірінен құлауға шақ тұрған баланы көреді. Құтқарушыларды күтпей-ақ бобала көрші үйдің терезесі арқылы пәтерге өтіп, үш жасар баланы құтқарған. Сүйтіп бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды. Балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған екен. Анасы далаға шығып кеткен. Өкінікшке қарай, бір ғана астананың өзінде терезеден құлау оқиғасы азаймай тұр. Көбінің періштесі қаққанмен, қайғылы аяқталған оқиғалар да жетерлік. 

Нелля Досжанова, Нұр-Сұлтан қалалық Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция бөлімінің бастығы:

- Жыл басынан бері қалада терезеден құлау бойынша 24 жағдай тіркелді. Өкінішке қарай, үшеуінде бала жазым болды. Бұл жағдайда 127-бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау боп саналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде