{metadescription}
0:000:00
Елордадағы ақылы тұрақты кәсіпкерлер де қолдамайды

Елордадағы ақылы тұрақты кәсіпкерлер де қолдамайды

Елордадағы ақылы тұрақты кәсіпкерлер де қолдамайды. Айтуларынша, көк сызық пайда болғалы олардың кірістері азайған. Келушілер артық ақша төлегісі келмейтін көрінеді. Сәйкесінше ойын-сауық, бизнес орталықтар, асхана, дүкендерде сауда азайған. Кәсіпкерлер тұрақтарды жалға алу мерзімін созуды сұрап отыр.

Қайрат Кәкенов, "Qaz Property" басқарушылар және сервистік компаниялар қауымдастығының төрағасы:

- Әкімдік ақылы тұрақтардың санын қайта қарастырса дейміз. Бизнес обьектілердің жанындағы тұрақтарды кәсіпкерлерге ұзақ мерзімге жалға беруді сұраймыз. Осылайша кәсіпкерлер кәсібін сақтап қала алады. Өйткені, клиенттің бәрі көлікпен келеді. Бізге осы тұрақтарды берсе өз ақшамызға оны жөндеу, қарын тазалау, бардюр қою, асфальт салу сияқты жұмыстарды өзімізге алар едік.

Қаланың жоспарына сәйкес, қоғамдық нысандарда келушілер мен жұмысшыларға арналған арнайы норма бар екен. Яғни, коммерциялық-іскерлік орталықтар мен офистік ғимараттар үшін 60-70 орын берілуі тиіс. Алайда бұл қаулы ескерілмей қалды дейді кәсіпкерлер. Осыған дейін бизнес субьектіге берілген аумақтың «Астана көлік тұрағы кеңістігіне» қалай өтіп кеткені де белгісіз. Ал олар жыл соңына дейін Нұр-Сұлтанда 10 мың орындық ақылы тұрақ сызбақшы. Тұрақ таңертеңгі 10-нан кешкі 20:00-ге дейін сағатына 100 теңгеден. Түнгі уақыт және демалыс күндері тегін. Әкімдіктегілер 100 теңгені қымбат деп есептемейді. Есесіне көшеде тәртіп орнап, кептеліс азайып, жүргізуші көлігінің қауіпсіз жерде болатынына сенімді.

Ержан Диханбаев, Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бастығының орынбасары:

Кәсіпкерлер жалға алған көлік тұрағына шлагбаун қояды. Оған тек арнаулы адамдарды ғана кіргізеді. Кей адамдарға ғана қолайлы жағдай жасағысы келеді. Ал біз тәртіптің бәріне ортақ болғанын қалаймыз. Тұрғындар тарапынан үй жанындағы ақылы тұрақтарға шағым көп түсіп жатыр. Қазір санау қайта жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде