Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ауыр науқас «Қазақстан халқына» қорынан ақша ала алмаған
«Қазақстан халқына» қорынан ақша ала алмай жүр. Үш жылдан бері баласының еміне ақша таппай сабылған елордалық азаматтың өтінішін қор қанағаттандырмаған. Ал ауыр науқасқа шалдыққан ұлының диагнозын тек шетелдік мамандар емдеуге қауқарлы. Соны біле тұра, қордың неге қаржы беруден бас тартқанын Ғалымжан Аманқұлов түсінбей дал.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
02.08.2022
Ғалымжан Аманқұлов:
- Сіздерден «Ана мен баладан» қорытынды керек деді. Қорытынды болса, біз ақша қарастырамыз деді. Испаниядан келдім. «Ана мен бала» қорытындыны басында бермейміз деді. Кейін денсаулық сақтау министрлігіне арыз жаздым. Сосын берді. «Қазақстан халқына» қорына өткізсем, әрі қарай сіздер өз бетімен кеткенсіздер деп, ақша бермей жатыр.
Баласы үшін Ғалымжан Аманқұловтың бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Бүкіл жауапты мекемелерге жазған хаттары бума-бума болып сақтаулы. Атқамінерлерден көмек болмаған соң, бүгін ол құжаттарын жинап Президент әкімшілігіне тапсырмақшы болды. Бірақ эпиджағдайға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн жүргізіледі екен.
Жалпы 2019 жылдан бері баласын аурудан айықтырудың жолын іздеген әке Қазақстанда ауыр науқастың емі жоқ екенін ұғады. Өйткені нейробластомаға шалдыққан ұлының еліміздегі ауруханаларда жағдайы мүлдем нашарлаған. Сөйтіп бұл аурумен ауырған қазақстандық бүлдіршіндерді іздеп тауып, солардың жолымен жүріп көрмек болады. Испанияның Барселона қаласындағы дәрігерлердің көмектесеміз дегеніне көніп, бүкіл мүлкін сатып, ұлының емін шетелдіктердің айтуымен Қазақстанда жасайды. Алайда одан да оңалмаған. Қазір бес жастағы Нұрислам барселоналық дәрігерлердің қарауында. Жағдайы әжептәуір жақсарып қалған. Тамақ ішіп, жүріп жүр. Белшесінен қарызға батқан Ғалымжан енді «Қазақстан халқына» қоры 310 мың еуро беріп көмектессе дейді. Қордағылар шырылдаған әкенің жағдайын беске біледі. Айтуларынша, бұған Қор емес, мемлекет көмектесуі қажет.
Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасының орынбасары:
- Шетелдік ем балаларға 18 жасқа дейін бюджетте қарастырылған. Бірақ оның өзінің өтетін министрліктің бекіткен ережесі бойынша процедуралары бар. Осындай процедура бар кезде, мемлекеттік бюджетте қарастырылған соң, біз ондай мәселеге кіріспейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram