{metadescription}
0:000:00
Алматылық тұрғын ірі көлемдегі синтетикалық нашамен ұсталды

Алматылық тұрғын ірі көлемдегі синтетикалық нашамен ұсталды

Алматыда қуыс-қуысқа есірткі жасырумен айналысқан азамат ірі көлемде синтетикалық нашамен ұсталды. 37 жастағы тұрғын қолындағы есірткіні үш мекенжайға жеткізуге шыққан беті екен.

Күдіктінің Толстой көшесіндегі жалдап тұрып жатқан пәтері де тексерілді. Жасыл және ақ түсті ұнтақ салынған 40 түйіншекті ас үйдегі сөреде жасырыпты. Сондай-ақ төргі бөлмеден дәл сондай 331 бума салынған қорап пен балконнан бес пластик ыдыстағы түйіншектелген психотроптық заттар табылды. Барлығы бір реттік дозаларға бөлініп қойылса керек. Әзірге синтетикалық есірткіні күдіктінің қайдан және қандай жолмен әкелгені белгісіз. Енді осы заң бұзушылығы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Сотхимиялық сараптаманың қорытындысымен бір келіден астам синтетикалық есірткісі тәркіленді. Ұсталған азаматтың әрекеті тергеумен ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сараланды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Алматыға шөпті жеткізудің нақты арнасы белгілі болады. Қазір күдікті синтетикалық есірткіні интернет арқылы алғанын айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде