{metadescription}
Ақтау, Жаңаөзен, Мұнайлыда жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шықты
Ақтау, Жаңаөзен, Мұнайлыда жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шықты

Ақтау, Жаңаөзен, Мұнайлыда жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шықты

Маңғыстау облысында екі күннен бері жедел жәрдем қызметкерлері наразылық білдіруде. Жұмысқа шығудан бас тартқандар жалақыны көтеруді талап етіп отыр. Ашынған ақ халаттылар жұмыс орнында түнеп, қазан-ошағын да осы жерге әкеліп алған. Айтуларынша, айлық тым мардымсыз.

Ал, наурыз айында жалақыға қосылған үстеме жаздың ортасынан бері төленбейтін болыпты. Сондықтан тамыз айында да ереуілге шыққандар осы жолы соңына дейін күресуге бел буып отыр.

Ақтаудағы жедел жәрдем станциясының қызметкерлері осымен екінші күн қатарынан жұмысқа шықпай ереуілдетіп тұр. Олар дәл жұмыс орнында  түнеп, ас суын да осы жерде ішеді. Барлығының басты талабы – жалақыны көбейту. Тәулігіне 30 шақыртуға шығатындар «мардымсыз айлық аламыз» деп ашынып отыр. 

Жарасхан Серік, фельдшер:

- Алатынымыз 155 мың теңге. Жүргізушілер 110 мың алады. Ол деген қымбатшылық кезде өте аз. Өздеріңізде білесіздер, 100 мыңға бір

- Кіріпшыққанға азық-түлік те жетпейді. Бізде наурыз айында 40 мың теңге үстеме қосылған, енді сол 40 мың теңгені алып тастап отыр.

Бұл Маңғыстаудағы жедел жәрдем қызметкерлерінің алғашқы ереуілі емес. Наразылар осыған дейін наурыз айында митингіге шығып, жалақы біраз көбейген. Алайда соңғы кездері басшылық оны да алып тастаған көрінеді. Бұл аздай, жұмыс жүктемесі де көбейіпті. Мәселен облыс бойынша 25 жедел жәрдем бригадасы болуы шарт екен. Бірақ қазір соның жартысы ғана жұмыс істейді дейді жиналғандар.

Тұрар Сатқанбаев, фельдшер:

- Бір жылдың көлемінде айтылып келе жатқан жағдай. Облыс көлемінде жиналыстарға да қатыстық, жүргізушілер де бар, фельдшерлер де бар. Бірақ шешімі тек қағаз жүзінде қалады. Шақыртуға баратын бригада көлемі негізі екі фельдшерден және бір жүргізушіден тұру керек. Қазір біз бір ғана фельдшермен жұмыс істеп жатырмыз. Фельдшер құрамы бір адам тәулігіне 24-30 шақыртуға баратын күндеріміз болады. Ол жүктемеден біршама артық.

Ал Облыстық денсаулық сақтау басқармасы фельдшерлер мен жүргізушілердің мәселесінен хабардар. Бірақ бригада санын көбейту бір күннің жұмысы емес дейді. Ол сұрақты шешуге қосымша уақыт керек екен.  Ал айлық мәселесі оң шешімін тауып, қызметкерлерге үстеме төленетін болыпты.

Амантай Досжанов, Маңғыстау облысы жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы:

- Түсіндірме жұмысы жүргізілді. Айтылды. Кешеден бері 732 шақырту түсті. Оның 702–не шақыртудың бәрі де диспетчер арқылы ауызша консультация берілді. Байқау кеңесінің шешімімен наурыздан бастап жүргізушілерге 90 мың теңге, фельдшерлерге 40 мың теңге, басқа қызметкерлерге 30 мың теңге, және тазалықшыларға 30 мың теңгеден қосылды. Ол наурыз айынан бастап. Мұндай үстеме ақы беру жалақысына 90 мың теңге беру басқа өңірлерде жоқ.

Ақ халаттылардың ереуілі Ақтауда ғана емес, Жаңаөзен мен Мұнайлы ауданында да болып жатыр. Бәрінің талабы – жалақыны көбейту. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде