Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оқушылар төбелесі: Мектеп директоры, орынбасары, сынып жетекшісі сөгіс алды
Алматы облысында оқушылардың төбелесінен кейін мектеп директоры, оның орынбасары мен сынып жетекшісі сөгіс алды. Жанжалда басынан қатты соққы алып есінен танған 11 сынып оқушысының жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. Ал оның анасы ұлымды бірнеше бала жабылып тепкіледі деп топшылайды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
16.09.2022
Алайда Талғардағы білім ошағының басшысы ерегес – сөзге келмей қалған тек екі оқушының арасында болған дейді.
Бұл видео кеше сағат түскі сағат он бір шамасында түсірілген. Сұлап жатқан баланы мұғалімдер жедел жәрдем көлігіне көтеріп кіргізген.
Талғар қаласындағы мектептің дәретханасында 11 сыныптың оқушылары төбелескен. Соның салдарынан 17 жастағы Ерлан басынан алған қатты соққыдан есінен танып қалған. Миы шайқалған бозбаланың жағдайы қазір жақсы дейді дәрігерлер.
Руслан Төреқұлов, травматолог:
- Түскен кезде зертхана зерттеуі, компьютер томографиясы жасалды. Бас жарақаты анықталды. Сүйектері сау. Қазір жағдайы бір қалыпты. Болашаққа ешқандай қауіп жоқ. Бала есін біледі, сөйлеп отыр.
Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 орта мектептің ішінде де, сыртында да дәретхана бар. Білім ошағының басшысы кешегі кикілжіңнен кейін ауладағы дәретханы бұздырып жатыр. Директор жанжал екі баланың арасында болғанын жеткізді. Айтуынша, сөзге келіспей ерегескен жоғарғы сынып оқушылары үзіліс кезінде жаға жыртысып, өзара кім мықтыны анықтаған.
Зәмзәгүл Төлеубекқызы, Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 орта мектептің директоры:
- Төртінші, бесінші сабақтың үзілісінде даладағы дәретханада болған жағдай. Ол жерде екі бала тіл табыса алмай төбелескен. Қасында ешкім болмаған. Баланы жабылып ешкім ұрған жоқ. Ол екі баланың арасында болған жағдай. Ұрған баланың да, жарақат алған баланың да жанұясы толық. Әкешешесі бар.
Алайда жарақат алған баланың анасы директордың сөзін теріске шығарды. Сапаргүл Байымова тұңғышымды бірнеше оқушы тепкінің астына алды деп топшылайды.
Сапаргүл Байымова:
- Негізі менің, 9- сыныпта оқитын баламды 11-сыныптың балалары ұрайын деген. Соны ағасы қорғаштаймын деп барып. тепкінің астында қалып, басынан жарақат алды. Жабылған деп тұр. Негізі бір баланың соққысынан олай құлап, басы жарылатын жағдайға жетпейді ғой. Демек бұл жерде екі-үш бала. Балам аяғынан тік тұрып кеткенше, мен ешқандай кешірім бере алмаймын.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Облыс білім басқармасы бозбалалар арасындағы төбелестен кейін мектеп директоры, оның орынбасары мен сынып жетекшісіне сөгіс жариялады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram