{metadescription}
0:000:00
Алматыда «Аман келешек» инклюзивті балалар фестивалі ашылды

Алматыда «Аман келешек» инклюзивті балалар фестивалі ашылды

Өскелең ұрпақтың дамуы жалпыұлттық міндет. Алматыда осымен тоғызыншы рет «Аман келешек» инклюзивті балалар фестивалінің шымылдығы түрілді. Фестиваль Нұрсұлтан Назарбаев қорының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.

Биылғы шараға еліміздің барлық қаласынан 10-15 жас аралығындағы 350-ден астам бала қатысып жатыр. Олар жетім және ерекше күтімдегі балаларды біріктіретін арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілері.

Нұргүл Бектұрсынова, Шымкент қаласы № 4 балалар үйінің педагогы:

- «Аман келешек» фестиваліне биыл бірінші рет қатысып отырмыз. Бірінші жылы 16 тәрбиленуші алып келдік. «Аман келешек» фестивалінің негізгі мақсаттарының бірі – ол инклюзивтілігі. Балалардың жанжақты дамуына, болашақ мамандық таңдауына үлкен көмек көрсетеді және неше түрлі шеберлік классқа қатысады. Бұндай фестиваль ерекше қолдауды қажет ететін балаларға үлкен көмек.

Алматының тау бөктеріндегі сауықтыру лагерінде өтіп жатқан фестиваль екі күнге жалғасады. Іс-шараның жаңа форматы балалардың рухани дамуына және өзін жан-жақты сынап көруіне жол ашады. Жас жеткіншектер цифрлық тәлім, киберқауіпсіздік бойынша квест, шахмат ойыны бойынша воркшоп, стринг-арт секілді қызықты бағдарламаларға қатысады. Бұған қоса балалар коммуникация, көшбасшылық, еріктілік бойынша қолданбалы дағдыларды меңгереді.

Фестиваль аясында «Аман келешек» білім беру алаңы жұмыс істеді. Онда тәрбиешілер мен мұғалімдер, ата-аналарға арналған оқу сессиясы өтті. «Аман келешек» – инклюзивтік қоғамды дамытуға бағытталған бірегей жоба. 2014 жылдан бері Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам бала қатысты.

Ерсұлтан Қыпшақбаев:

- «Аман келешек» фестивалі маған қатты ұнады. «Аман келешек» фестиваліне келу менің арманым болды. Фестивальға қатыстым. Арманыма жеттім. Осы фестивальда өзімді көрсеткім келді, дамытқым келді. Біз балалармен танысамыз. Және бұл жердің ауа райы өте керемет!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.