{metadescription}
0:000:00
Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды

Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды

Мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталған Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды. Іс материалдарын Ұлттық қауіпсіздік комитеті адвокаттарға береді. Ал онымен танысу кемінде екі-үш ай уақыт алуы мүмкін. Сол кезде ғана сот отырысының қай уақытта өтетіні белгілі болмақ.

Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Істі арнайы прокурорлар емес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр. Оған «аса құпия» грифі берілген. Яғни материалдар жария етілмейді. Бұл қылмыстық іске қатысы бар күдіктілердің барлығы қамауда отыр. Ешкім ешқайда кеткен жоқ. Жасырынбады да. Қазір істі тергеу аяқталды. Жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті материалдармен танысу басталды деп ақпарат берді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларының қамауда отырғанына жеті айдай уақыт болды. Экс-төраға Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылған. Оларға «Мемлекетке опасыздық жасады», «билікті күшпен басып алуға және қызметін асыра пайдалануға әрекет жасады», «пара алды», «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастырды» деген айыптар тағылған. Комитеттің экс-басшысының қылмысы дәлелденсе, 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.