{metadescription}
0:000:00
60 жасында ағылшынша үйреніп Аустралияға кеткен қазақ программист

60 жасында ағылшынша үйреніп Аустралияға кеткен қазақ программист

Алпысында ағылшын тілін үйреніп, кейін Аустралияға кеткен. Алмахан Батырқұлов зейнет жасында шетелде жаңадан жұмыс жолын бастап бәрін таң қалдырған азамат. Бүгінде 69 жасты  алқымдаған ақсақал Сиднейдің ірі компаниясында ІТ-маман болып жұмыс істейді. Еңбек демалысында елге оралған Алмахан Батырқұловпен КТК тілшісі сұхбаттасқан еді.

Өмір бойы ел ішінде еңбек еткенмен, Алмахан Батырқұлов зейнетке шыққан соң жұбайымен  Аустралияға қоныс аударуға бел буды. Екі қызының сол жақта тұруы түрткі болған. Алпыстан асқанында ағылшын тілін үйренуге ден қойып, аз уақытта-ақ меңгерген ақсақал Сиднейдегі ірі компанияға 63 жасында орналасып талайды таң қалдырды. Соңғы алты жыл сол жақта жұмыс істейді.

Алмахан Батырқұлов:

- Біздің компания CRE конференцзал орнатады, компьютер конференция өткізетін барлығына бақылау жасайды да. Одан кейін «блайнтс» дейді, перделерді жауып қояды, пультпен, одан кейін датчиктер болады, желді, барлығын есептеп тұрады. біз оны орнатамыз, үлкен қаржы орталығы болсын, жаңадан салынған. Соған құрал-жабдық қоямыз, соның бәріне бақылау жасайды.

Бүгінде Аустралияда білікті IT маманы болған Алмахан Батырқұловтың ерік-жігеріне еріксіз бас иесіз. Ә дегеннен жұмыс оңайшылықпен табылмады. Талай іріктеуден өтті. Дегенмен дегеніне жетті. Ол жақтың жұмыс істеу тәсіліне бейімделді. Қазіргі жастарға «ештеңе ешқашан да кеш емес» деген ақылын айтқысы келеді.

Алмахан Батырқұлов:

- Барлығымыз қосылуымыз керек, барлығымыз ұмтылуымыз керек. Жастар оқуы керек, тіл білуі керек. Үш тіл білсе жақсы, қазақ, ағылшын, орыс тілін жас кезінен үйренсе, біз, қазақтар, басқа халықтан қалмаймыз. Одан озбасақ, бізде тәртіп те көбірек, сыйласу да көбірек, ондай тіпті Аустралияда жоқ.

Алмахан Батырқұлов әлі де ізденіп, жырақта жұмысын жалғастырсам дейді. Елде қажет етсе, білімімен бөлісіп, білгенін үйретуге дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.