{metadescription}
0:000:00
Жылу маусымы: Тозған құрал-жабдықты жаңартудың жалғыз жолы – тариф көтеру

Жылу маусымы: Тозған құрал-жабдықты жаңартудың жалғыз жолы – тариф көтеру

Еліміздің оңтүстік өңірлеріне жылу қазанның 10-15 аралығында берілетін болды. Өйткені жылу маусымына дайындық толық аяқталған жоқ. Энергия өндіруші компаниялар өзіне тиесілі жылу электр орталықтарын тексеріп, алдағы қыста үй жылы болуы үшін барымызды саламыз деп отыр.

Алайда «Самрұқ энерго» АҚ өкілдері электр станциядағы қондырғылар мен жылу құбырлары тот басып тозғанын айтады. Оны жаңалауға қаржы қолбайлау. Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы – тариф бағасын көтеру дейді. Алматыдағы жылу электр орталықтарының жұмысын КТК тілшісі көріп қайтты.

Күн ерте суытатын Орталық пен Солтүстік Қазақстан облысына жылу өткен аптада берілді. Себебі: бұл аймақтарда күздің қара суығын айтпағанда, қар да жауып үлгерді. Ал климаты қолайлы еліміздің оңтүстік өңірінде биыл жылу 15 қазанға дейін қосылатыны белгілі болды. Жылумен қамту жүйесін толық тексеріп, дайындық жұмысын жүргізген энергия тасымалдаушы компаниялар қысқа сақадай-сай дайынбыз деп отыр.

Ғазиз Есмұханбетов, «Алматы электр станциясы» АҚ бас инженері:

- Ең негізгі қондырғылар жөндеуден өтті. Біз жылу маусымының басталуына толық дайынбыз. Станцияларда қажет көмір мен мазут қоры толықтырылды. Газ көлемі де қыс бойы жұмыс істеуге жеткілікті. Жыл сайын екі станцияда 300 млн куб газ жағылады. Алматы мен облыстағы өзге жылу электр орталықтарында көмір жағылады. Оны  газға ауыстыру екі жылдан кейін аяқталады деп жоспарланған.

Екі жыл бұрын көмірден газға ауысқан Алматыдағы бірінші жылу электр орталығында жұмыс қыз-қыз қайнап жатыр. Мамандар газқа көшкелі, ауаға таралатын зиянды қалдық көлемі күрт азайған. Алайда салынғанына ғасырға жуық станциялардағы жылу желісі мен құбырлары тот басып тозған. Оны жаңарту жоспарда бар. Бірақ алмақтың да салмағы бар – болашақта тариф көтерілуі мүмкін. «Самрұқ -энерго» АҚ-ның өкілдері өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмайтын шешім шығаруға тырысамыз дейді. 

Бағлан Есенов, «Самұрық-энерго» АҚ департамент директоры:

- Қондырғылар ескірген. Кез келген уақытта ақау шығуы мүмкін. Оны жөндеуге уақыт пен қаражат керек. Бір жылу маусымы мен екінші маусым аралығындағы кезең жұмысты толық аяқтауға жеткіліксіз. Биыл қажет материалдар күрт қымбаттады. Басқа мемлекеттен елге әкелу де қиын. Ақау шыққан жылу желілерін жыл сайын жөндейміз. Алайда жамағаннан гөрі, жаңалаған дұрыс. Оған қаржы қолбайлау.

Елімізде жылудан бөлек, жарық мәселесі де өзекті. Аудан, ауылды айтпағанда, алып шаһардың өзінде жарық жиі өшеді. Олқылықтың орнын толтыруға биыл 18 қосалқы станцияны жаңартып, апатты жағдайда тұрған электр сымдары ауыстырылған.

Нұржан Әділбеков, «Алатау жарық компаниясы» АҚ басқарушы директоры:

- Ескімен салыстырғанда бұларда заманауи қондырғылар қойылған. Цифрландыруға қатысты қондырғы қойылды. Яғни апатты жағдайда диспетчерлер біліп, тез шешім қабылдап отырады. Биыл кабель жүйелерінің тозығы жеткен, 80 пайызға. Соған байланысты «Алатау жарық компаниясы» 80 шақырымнан астам кабельі жүйесін ауыстырды. 

Энергия өндіруші компаниялар қымбатшылық кесірінен жылуды жылдан-жылға межелі мерзімде беру қиындап бара жатқанын жасырмайды. Сондықтан алып холдингтар тариф көтеру мәселесін Үкіметпен бірлесіп шешуді жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде