Мәдениет үйінің қызметкері ауылға қыдырып келген баланы соққыға жыққан
Павлодар облысында Мәдениет үйінің қызметкері жеті тәулікке қамауға алынды. Апталдай азамат ауылға қыдырып келген он екі жастағы жасөспірімді соққыға жыққан.
Автор: Ұлан Нұрахмет
21.10.2022
44 жастағы азамат балалардың арасына түскен. Ол ұлын қорғамақ болып қонақ балаға қол көтеріпті. Жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған. Ал мұны көрген ата-анасы тәртіп сақшыларына бірден арыз түсіріпті.
Мәдениет үйінің қызметкеріне қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол қамауға алынған.
Агидель Ибраева, Павлодар облысы сотының баспасөз хатшысы:
- Істі Павлодар облысы Тереңкөл ауданының соты қарады. Баланың денсаулығына жеңіл зиян келген. Сот ұсынылған дәлелдемелерге сәйкес құқық бұзушыны кінәлі деп тапты. Оны жеті тәулікке әкімшілік қамау алу түрінде жаза тағайындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары