{metadescription}
0:000:00
 «Нөлдік шақырым» – Астана саябағында символ бағана орнатылды

«Нөлдік шақырым» – Астана саябағында символ бағана орнатылды

Астанадағы саябақтардың біріне «Нөлдік шақырым» белгісі орнатылды. Ағаш пен металдан тұрғызылған бағана бас шаһардың туристерге тартымдылығын аша түспек.

Бағана бойына әлемнің әртүрлі қалаларына бағыт белгіленген. Жебе кейпіндегі әр бағанада қалалардың қанша қашықтықта орналасқаны жазылған. Салтанатты шараны ұйымдастырушылардың сөзінше, нөлдік километр белгісі әр елдің астанасында бар. Ал елордаға алғаш салынып отыр.

Ержан Балтаев, Астана қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

- Жалпы бүгінгі ашып отырған бағанамыздың маңызы біздің еліміздің нөлдік шақырымы болып табылады. Ол ненің белгісі? Туристер келген кезде, көбінесе Астанаға келген кезде, қанша шақырым, қай қалалар, қай туристік объектілер қай жерде орналасқанын көрсететін символ бағана деп айтуға боалды. Туристер келген кзеде қосымша көретін қызықты әртүрлі орындар болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде