{metadescription}
0:000:00
Теміртауда жылу жүйесіндегі олқылық жиілеп кетті

Теміртауда жылу жүйесіндегі олқылық жиілеп кетті

Теміртау тұрғындары тағы да тоңа бастады. Кеше орталық жылу электр орталығында бір қазандық істен шықса, түнде жылу құбыры жарылған. Қазір пәтерлерінің іші қоңырсалқын болып тұр.

Надежда Каспер, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Әзірге қатты суық жоқтың өзінде пәтерлердегі температура 14-15 градус. Қала әкімі «бәрі жақсы» деп алдаусыратады. Коммуналдық мекеме де өзіне шаң жуытпай, жылу орталығына сілтеуде. Орталық жылу беріп жатырмыз дейді. Кімге сенеміз?

Құбырдың жарылған жерін жамау үшін коммуналдық қызметтегілер тіпті орталық көшелердің бірін жауып тастаған. Ақау жөнделгенше, үйлерге жылу беруді азайтыпты. Қала билігі жөндеу жұмысы аяқталды дегенімен, тұрғындар баспанамыз әлі суық деп отыр.

Жалпы күн суытқалы Теміртауда жылу жүйесіндегі олқылық жиілеп кетті. Алда күн райы құбылатынын айтып, төтеншеліктер ескерту таратуда. Ал қаладағы жылу жүйесінің алты шақырымдық негізгі құбыры әлі ауыстырылып жатыр.

Владислав Ким,  «Окжетпес-Т» ЖШС техникалық директоры:

- Бейбітшілік пен Момышұлы көшелеренің қиылысындағы №2 магистарльді құбыр жарылған. Соның салдарынан жылу температурасын төмендетуге тура келді. Ақау жөнделді. Жылу беру қалпына келтірілді. Азаматтардан түсіп жатқан арыз шағым қаралып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде