{metadescription}
0:000:00
Гардеробта болған оқиғаға қатысты мектеп директорына сөгіс жарияланды

Гардеробта болған оқиғаға қатысты мектеп директорына сөгіс жарияланды

Алматы облысы Талғар қаласындағы мектептегі гардеробта болған оқиғадан кейін білім ошағының басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Сабақтан шыққан оқушылар сырт киім ілетін бөлмеге лап қойған видео әлеуметтік желіге таралған болатын. Кадрден тар жерде бір-бірін итеріп сығылысқандардың арасында бір қыз құлап, оны өзгелері таптап өте шыққан.

Әсем Серіктесқызы, Абай атындағы №3 мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары:

- Бізде гардероб қызметкері жоқ. Оны қыркүйек айында сұрадық, тарификациядан. Мөлшерлеме бізге берген жоқ. Тек сынып жетекшілері, мектеп әкімшігі, кезекшілер ғана қарайды. Кешегі жағдайдан соң оқушыларға киімін сыныпта қоясыңдар дедік. 500 оқушының ғана киімі сияды. Жалпы 2054 оқушы оқиды.

Келеңсіз оқиға болған мектепте гардероб жұмысшысы жоқ екен. Сондықтан оқушылар сырт киімін өздері іліп жүр. Білім ошағының басшылығы киім ілетін бөлмеден шығатын қосымша тағы бір есік ашудан басқа амал жоқ екенін жеткізді. Қазір облыс білім басқармасы мектептегі гардеробқа жаңа штат беруді жоспарлаған. Үймелеген балалардың арасынан шыға алмай аяқ астында қалған 6-сынып оқушысының жағдайы қазір жақсы. Тек денесінің көгерген жерлері бар. Кешегі жағдайдан кейін есеңгіреп қалған қыздың демікпесі бар дейді әжесі. Немересін емханаға қаратуға алып келген ол топырлаған оқушылардың ортасында қалған қызыма ауа жетпей, соның салдарынан құлады деп отыр.

Қарлығаш Тұңғышбаева, оқушының әжесі:

- Тексерістен өткіздік. Бәрі жақсы. Сынған жері жоқ. КТ, МРТ жасаттық. Бәрі жақсы деп айтты. Денесінде көгерген жерлері бар. Аяғында, қолында. Аманшылық болса, келесі аптада мектепке барады. Демікпесі бар ғой. Есепте тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде