Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда ескі көлікті жоятын зауыт жабылудың алдында тұр
Қарағандыда ескі көліктерді жоюмен айналысатын зауыт жабылудың алдында тұр. Бұған елімізде тозығы жеткен көліктерді сатып алып қайта өңдеуге жіберумен айналысқан «Опертор РОП» Серіктестігіне қатысты қозғалған қылмыстық іс себеп.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
25.11.2022
Тергеу аясында шоттары бұғатталып ісі тұралағандықтан, тұрғындардан ескі көлік жинау жұмысы ақпан айынан бері тоқтапты. Шикізатсыз қалған зауыт жұмысшылардың 70 пайызын таратып жіберіп, жыл басынан жұмыссыз отыр.
2017 жылы ашылғанда зауыт жұмысын қарқынды бастаған. Елден жиналған көліктерден қара, түсті металдары мен пластмасса бөлек алынып, қайта өңделетін. Бір жылда 60 мыңға жуық көлікті жойып келген екен. Бірақ жыл басында жұмысы шатқаяқтай бастаған.
Борис Дорошенко, цех басшысы:
- Қазіргі жағдайымыз қиын. Жыл басынан бері 100-ден аса адамды қысқарттық. 60-тай адам ұстап отырмыз. Олар зауытты іске қосуға қажет мамандық иелері. Жұмыс істемесек те, төменгі жалақы төлеп келеміз. Еліміз бойынша ескі көліктер көп, бірақ оны жинап, бізге өткізу жұмысы тоқтап қалды. Жағдай өзгермесе, жабылып тынамыз.
Жабылу жайлы әңгімені жұмысшылар күнде естиді. Сондықтан көбі басқа жұмыс қарастырып жатыр.
Юрий Чернов, зауыт жұмысшысы:
- Оператор РОП-ты тергей бастағаннан-ақ зауыт жұмысы тоқтады. Жұмыс істемейтін зауытта бізді қашанғы ұстап отырады? Қазір жұмыс берушілердің хабарламаларына құлақ түре бастадым. Бір күні жабыламыз десе, далада қаламын. Балашағамды асырау керек, несиелеріміз бар.
Басы дауға қалған «Оператор РОП» компаниясының функциясы қазір мемлекет меншігіндегі «Жасыл даму» компаниясына өткені белгілі. Бірақ Қарағандыдағы зауыт олармен жұмысын әзірге жалғасыра алмайды. Себебі, «Оператор РОП-қа» қатысты қозғалған қылмыстық іске зауыттың да қатысы болуы мүмкін.
Талғат Мақанов, «Жасыл даму» АҚ баспасөз хатшысы:
- «Ресайклинг Компания» ЖШС байланысты сіздердің сұрақтарыңызға нақты жауап беру қиын. Өйткені бұл компния төңірегінде қылмыстық іс қозғалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұйғарымымен бұл компанияға қатысты және «Оператор РОП» арасындағы келісімді тоқтату туралы ұсыныс берілген.
Ескі көлікті экология талаптарына сай жойып, қаңқасын кәдеге жаратқан зауыт тоғыз ай бойы тоқтап тұр. Өйткені бұлар мемлекетке миллардтаған шығын келтірген «Оператор РОП-пен» жіпсіз байлаулы. Сондықтан бұлардың тағдыры антикор тергеуінің қорытындысынан кейін белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram