Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан төлқұжатын алу үшін қазақ тілін білген – жеткіліксіз
Бүгін Үкіметте Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекетік тілді білу міндет деген талап қаралды. Азаматтық туралы заң жобасына бұдан да басқа бірнеше өзгеріс енгізіледі. Қазақстан төлқұжатының иесі атануға қазақ тілін білу ғана жеткіліксіз. Шетелдік Қазақстан тарихы мен Конституциясынан да хабардар болып, қос азаматтық алғандарға жауапкершілік күшейтіледі.
Автор: Елдос Есенбол
29.11.2022
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді біздің тарихымыз бен конституциямызды қарапайым деңгейде білу міндетті. Егер Қазақстан азаматының жеке басын растайтын құжат алғаннан кейін қандай да бір адам басқа ел азаматтығын растайтын құжатты пайдаланса, көшіқон қызметі ол адамды біздің азаматтықтан айырады.
Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін бұрын тұрған еліндегі азаматтығын жоймаса, көк паспорт берілмейді. Бірақ еңбек министрі Тамара Дүйсенова жаңа тұжырымдамаға сәйкес, белгілі бір топ өкілдеріне азаматтық алу жеңілдейді деп түсіндірді. Жеңілдікке алдымен ғалымдар ие болмақ. Яғни мемлекет бізде ақсап тұрған салаларға қажет деген 100 үздік маманды шетелден алдырады. Оларға 10 жылға ғылыми-педагогика визасы беріледі. Бұл құжат кейін азаматтыққа жол ашады. Дәл осындай мүмкіндік шет елден келетін қандастырымызға да беріледі.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халық әлеуметін қорғау министрі:
- Шетелде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалану. Осы мақсатта ата жолы картасын енгізу ұсынылады. Бұл құжат жоғары деңгейдегі кәсіби маман немесе өзі тұратын табысты бизнес кейсті іске асырған және оларды жүзегі асыруға ықыласты қазақтарға берілетін болады. Тарихи отанын дамытуға қосқан үлесі үшін жыл сайынғы парыз байқауы арасында президент сыйлығымен марапаттауды да ұсынып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram