{metadescription}
0:000:00
Көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз, ауызсусыз қалған – Алматы облысы

Көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз, ауызсусыз қалған – Алматы облысы

Алматы облысында көпқабатты үйдің тұрғындары үш күн бойы жылу мен ауыз суға жарымай отыр. Қараша айының аязында тоңған жұрт пәтерде қат-қабат қалың киіммен жүр. Азынаған баспанада бұқара жылына алмай жыларман. Олар әкімдіктегілердің бейқамдығынан судан тарығып, суық үйде шетімізден ауырып жатырмыз деп мұңын шақты.

Күнипә әжейдің қат-қабат қалың киініп қымтанып жүргеніне үшінші күн. Жылудың жоқтығынан төрт бөлмелі пәтер азынап тұр. Бала-шағасын түгел туысының үйіне жіберген зейнеткер тастай суық үйде жылына алмай берекесі қашқан.

Күнипә Әбитова, Жалпақсай ауылының тұрғыны:

- Үйім елге қарағанда бір бөлме емес, төрт бөлме. Аңырап кетті. Сегіз балам, он бес немерем, бес шөберем бар. Барлығын жанжаққа таратып жібердім. Киіммен де жаурап ұйықтай алмадық. Жанымыз күйзеліп кетті. Қазір зорға сөйлеп тұрмын. Үйден гөрі, дала жылы болып тұр.

Жалпақсай ауылындағы үш қабатты үй тұрғындары екібастұздықтардың күйін кештік деп кейіді. Баспанасында бүрсеңдеп тоңған бұқараға судың да тоқтатылғаны жығылғанға жұдырық болған.

Әнел Срайылова, Жалпақсай ауылының тұрғыны:

- Өте қиын. Өзіміз жоғарғы жаққа су тасимыз. Дәретхана жағын мүлдем айтпайақ қояйын. Үш бала бар. Үлкен кісілер. Үш күннен бері осылай. Дәретханаға бармас үшін дұрыс тамақ іше алмайтын болдық. Далада тұрмыз. Таңнан кешке дейін далада жүрміз, осылай, торуылдап.

Жарты ғасыр бұрын салынған ескі көпқабатты үйге су елдімекендегі мұнарадан келеді. Бірақ өткен аптада ұңғымадан ақау шығып, тұрғындар ауызсусыз қалған. Сол сәтте халық жылудан да ажыраған. Әкімдіктегілердің бейқамдығынан қарашаның аязында бала-шаға шетінен ауырып жатқаны ауыл ағайынының жанына батып отыр.

Римма Әбитова, Жалпақсай ауылының тұрғыны:

- Кішкентай балалар көп. Бәрі ауырып жатыр. Жылытқыш сатып алдық. Достарымыз әкеп берді. Облыс әкімдігіне жаздық, аудан әкімдігіне, Қарасай ауданы тұрғын үй коммуналдықшаруашылығына да жаздық. Прокуратураға да жаздық. Бір адам келмеді.

Ұмтыл ауы округінің әкімі бүрсең қағып жаураған тұрғындардың жанайқайын «тыңдап кел» деп орынбасарын жіберіпті. Шенеунік аязда жарылған құбырды кешке дейін жөндеп, жұртты жылумен де, сумен де қарық қыламыз деп ант-су ішті.

Кәмшат Қасымбекова, Ұмтыл ауыл округі әкімінің орынбасары:

- Су ұңғымасының насосы бұзылып қалған. Төрт көпқабатты үйде су болмай қалды. Оны жаңа насосқа ауыстырып, барлық үйге су берілді. Бүгін таңертең осы үйде су жоқ екені анықталды. Бұл үйдің ішінде су қатып қалған. Жаңа құбыр сатып алуға кетті. Келгеннен кейін су аққан құбырды ауыстырып, қатып қалған суды ерітіп, су беру үшін бүгін жұмыс атқарады.

Алайда тозығы жеткен үйдің құбырын ауыстыру оңай шаруа емес дейді жалпақсайлықтар. Халық күрмеуі қиын мәселені ауданның атқамінерлері шешіп берсін деген талап қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.