{metadescription}
0:000:00
«Донор» комедиясын 300 азамат тегін көруге мүмкіндік алды

«Донор» комедиясын 300 азамат тегін көруге мүмкіндік алды

Отандық «Донор» комедиясын ардагерлер, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар тегін тамашалады. Dastan Media компаниясы ұйымдастырған қайырымдылық шараның мақсаты – әлеуметтік осал топтарды назардан тыс қалдырмай, оларға жақсы көңіл-күй сыйлау.

Басты рөлді Баян Алагөзова, Қуандық Шәкіржанов сынды танымал актерлер сомдайтын қызыққа толы туынды екі апта бұрын үлкен экранға жол тартқан.

Екі апта бұрын жарыққа шыққан «Донор» комедиясын тамашалау үшін  жұрт кинотеатрға әлі де ағылып жатыр. Көптің көңілінен шыққан фильмді ардагерлер, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар, бас-аяғы 300 адам тегін көруге мүмкіндік алды. Қайырымдылық шарасын осы туындыны түсірген Dastan Media компаниясы ұйымдастырды.

Анна Дормодехина, "Донор" к/ф атқарушы продюсері:

- Бізге қоғамдық қорлардан жиі хабарласады. Осыған дейін «Күшiк құда – квартиранты» комедиясының да қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырған едік. Басты мақсатымыз – әлеуметтік тұрғыдан өз үлесімізді қосып, көпке көтеріңкі көңілкүй сыйлау. Біздің компания мұндай шараларды үнемі қолдап жүреді.

Толықметражды фильм қаржыдан қысылған жалғызбасты әке мен бір бүйрегі жарамай қалған  кәсіпкер әйелдің хикаясы туралы. Ағзасын сатуды ұйғарған әкенің басынан кешірген оқиғасы көрермендердің көңілін көтеріп тастады.

Гүлнәр Сүлеева, «Думан» ардагерлер тобының өкілі:

- Жақсы әсер қалдырды. Қазақстанымызда да осындай фильмдердің бар екеніне қуанамыз. Ардегерлердің атынан алғыс айтамыз. Осындай жақсы әсер қалдыратын киномыз үнемі шығып тұрсын.

Қуандық Шәкіржанов, Баян Алагөзова сынды танымал актерлер жаңа қырынан танылған туынды көрерменді бірден баурап, қыран-топан күлкіге қарық қылады. Ендеше езуіңізге күлкі үйірілсін десеңіз, қызыққа толы комедияны көруге асығыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.