{metadescription}
Еліміздегі сапасы ең нашар жол қай өңірде?
Еліміздегі сапасы ең нашар жол қай өңірде?

Еліміздегі сапасы ең нашар жол қай өңірде?

Еліміздегі сапасы ең нашар жолдар батыс облыстарда. Асфальты сын көтермейтін өңірлердің тізімін Атырау облысы бастап тұр. Одан кейін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. Индустрия министрлігі осы үш облыстың әкімдеріне тиісті ескертуді бердік деп отыр. 

Ал жолы тақтайдай тегіс деген өңірлердің тізімінде Маңғыстау облысы  — бірінші. Одан соң Жамбыл және Алматы облыстары бар. Елдегі жол сапасына жауапты деген индустрия министрлігінің дерегінше, биыл жөндеуі бар, жаңасын төсеуі бар жалпы өңірлердегі жол құрылысына 372 миллиард теңге бөлініпті. Қыруар қаржыға негізінен 4600 шақырымның еңбегі етілуі керек болған. Оның тек тең жартысынан астамы аяқталыпты. Осыдан екі ай бұрын мәжілісмендердің алдына келген индустрия және инфрақұрылым даму министрі Қайырбек Өскенбаев елдегі автожолдың 80 пайызы жарамды деп депутаттардың сынына ұшырған. Жол сапасы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 141 елдің ішінде 93 орында екен. Тіпті Кения мен Танзания біздің алдымызда деп мәжілісмендер Өскенбаевты біраз састырған. Министр өз кезегінде болашақта бұл мәселені ақылы жолдар арқылы шешпекпіз деп те ақталған еді. Жолға жауапты ведомство келер жылдың жоспарын әзірлеп қойыпты.

Нұрболат Қуандықов, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрілігі,  автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы:

- Келесі жылы жалпы 11,2 шақырым жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Ол республикалық жобалар бойынша 6 мың шақырым. Жергілікті жобалар бойынша 5 мыңдай шақырым жолдар қамтылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.