{metadescription}
0:000:00
БҚО-да көлік көпірден суға құлап, екі адам көз жұмды

БҚО-да көлік көпірден суға құлап, екі адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында көктайғақтың кесірінен жан түршіктіретін жол апаты болды. Көлік көпірден су арнасына түсіп кетіп, екі адам көз жұмды. Тағы бір жолаушы қазір ауруханада жатыр. Оның айтуынша, жүргізуші мұз қатқан жолда тізгінге ие бола алмаған.

Мүкелсін Жамбозова:

Жол тайғақ, көпірден сайға қарай еңіс. Тұз салынбаған. Темір қоршау да қойылмаған. Екі рет айналып барып, суға түсіп кеттік. Ағамның баласы терезені сындырды. Жіппен тартып мені жоғарыға шығарды. Сол жерден шыққан бері құстым.

Қайғылы оқиға 2 қаңтарда Тоған кентінің шығаберісінде болған. Жаназаға қатысқан төрт адам Lada Vesta маркалы көлігімен жолға шығады. Көпірге жақындағанда тайғақ жолда шыр айналып, Бударин арнасына түсіп кетеді. Судан шыға алмаған 62 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырған. Ал екі жолаушыны сол маңдағы ауыл тұрғындары құтқарып ауруханаға жеткізген. Алайда ауыр жарақат алған тағы бір келіншектің демі жансақтау бөлімінде үзіліпті. Жол апатынан зардап шеккен әйелге қазір тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал жүргізушінің жағдайына қатысты әзірге ақпарат жоқ.

Гүлсім Шәріпова, Орал көпсалалы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Бесінші, алтыншы қабырғалары сынған. Суға қақалып, өкпесі қабынған. Бір жарым тәулік жансақтау бөлімінде емделді. Көмек көрсетілді. Соның нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарып, қазір емделіп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.