{metadescription}
0:000:00
Көкшетауда қылмыстық топ ұрып-соғып, ақша бопсалаған

Көкшетауда қылмыстық топ ұрып-соғып, ақша бопсалаған

Көкшетауда 22 жастағы азаматты ұрып-соғып ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды. Жәбірленуші оларға екі бірдей банктен үлкен мөлшерде онлайн несие алып беріп құтылған. Арасында 15 жастағы қыз да бар.

Кәмелетке толмаған қыз ғаламтор арқылы танысқан 22 жастағы жігітті жалдамалы пәтерге шақырған. Қызбен кездесуге келген жігітті сол жерде үш жігіт күтіп тұрыпты. Пәтерге соңынан ілесе кіріп, бас салған. «Қарындасымызды зорламақ болдың» деген желеумен ұрып-соғып, көп мөлшерде ақша талап еткен. Тіпті тамағына пышақ тақап әбден қорқытыпты. Жәбірленуші сасқанынан телефон арқылы екі банктен 1 миллион 400 мың теңге несие рәсімдеген. Бопсалаушылар қаржыны жақын маңдағы банкоматтардан барып шешкізіп алған. Ақша беріп құтылған жігіт бірден полицияға арызданып, күдіктілер қамауға алынды.

Дәурен Дәуітов, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы:

- Осы уақыт бойы жәбірленуші, арызданушы қылмыскерлердің бақылауында болыпты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы, 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған екеуі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Екіншісіне қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.