Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өмірден баз кешіп биіктен секірген қыздың жағдайы ауыр – Тараз
Өмірден баз кешіп биіктен секіріп кеткен тараздық бойжеткеннің жағдайы ауыр. Жансақатау бөлімінде жатқан науқасқа бірнеше ота жасау керек дейді дәрігерлер.
Автор: Руслан Әбдіхалық
30.01.2023
Гамзат Мұсаев, Тараз көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Есін жинады. Бірақ әлі жағдайы ауыр. Басынан, кеудесінен жарақат алған, жақ сүйегі, жамбасы сынған. Ертең ота жасалады.
19 жастағы студент өте ауыр хәлде жеткізілген. Тыныс алу аппаратына қосылған ол өздігінен сөйлей алмайды. Дәрігерлер науқастың аяққа тұрып кететініне сенімді. Бірақ ұзақ емделуі керек.
Өмірден баз кешкен бойжеткен қаладағы қараусыз тұрған ғимараттан секірген. Бесінші қабаттан құлаған студент тірі қалды. Оның не үшін мұндай қадамға барғанын қазір полицейлер анықтап жатыр. Бойжеткеннің хат жазып қалдырғаны да айтылды. Онда ата-анасынан: «үміттеріңді ақтамағаным үшін кешірім сұраймын» делінген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram