{metadescription}
Көкшетаулық тұрғын көпқабатты үйді жарып жібермек болды
Көкшетаулық тұрғын көпқабатты үйді жарып жібермек болды

Көкшетаулық тұрғын көпқабатты үйді жарып жібермек болды

Көкшетауда 25 жастағы жігіт көпқабатты үйді жарып жібермекші болды. Қолына пышақ ұстаған күдікті пәтеріндегі газ баллонының шлангісін кесіп тастаған.

Екі кеш арасында Сарыарқа шағынауданы азан-қазан болды. Алдымен жас жігіт қолындағы пышағын жалаңдатып көршілерін қорқытқан. Оның әрекетін тұрғындардың бірі полицияға хабарлапты. Тәртіп сақшыларын көріп қалған ол үшінші қабаттағы пәтерін ішінен жауып, газ баллонын жарамын деп айғайлаған. Тіпті баллонның шлангісін кесіп, ауаға газ таралыпты. Осыдан кейін көпқабатты үйдің тұрғындарын түгел сыртқа шығаруға тура келген. Ал бұзақыны ақылға көндіре алмаған полиция балконнан пәтеріне кіріп, күдіктіні ұстады. Іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Полиция қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің баспалдағы мен балконға көтеріліп пәтерге кірді. Ол сонда да пышағымен айбат шеккен. 1997 жылғы азамат наркология диспансеріне жеткізіліп, сараптама тағайындалды. Қорқыту бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде