{metadescription}
0:000:00
Ақжол мен ЖСДП Мәжіліс сайлауына қатысуға мүмкіндік алды

Ақжол мен ЖСДП Мәжіліс сайлауына қатысуға мүмкіндік алды

Тағы екі партия Мәжіліс сайлауына қатысуға мүмкіндік алды. Ол: "Ақжол" мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары. Бүгін екі партияның Орталық сайлау комиссиясынан куәлік алған кандидаттарының санында едәуір айырмашылық бар. 

Мақсұт Насибулов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі:

- 19 үміткер бар. 19-дың барлығы депутат болуға лайықты. Барлығы партия мүшелері, бұрыннан жұмыс жасап келген. Халық та таниды. Өз аудиториясы бар. Сондықтан өтеміз деген үлкен үміттеміз.

Ал бүгін түстен кейін ресми рұқсат алған ақжолдықтардың партиялық тізімінде 54 үміткер бар. Олардың бәрі депутаттық мандат алуға ниетті. Тізімде ескі де жаңа депутаттар, жастар, әйелдер бар. Бұл сайлауда билік партиясына нағыз бәселекес боламыз деген төраға Азат Перуашев өзіне нық сенімді. Осыған дейін парламенттің 7-ші шақырылымында 12 ақжолдық төменгі палата мүшесі атанып еді.

Азат Перуашев, «Ақжол» партиясының төрағасы:

- Кез келген саяси партия сайлауға қатысқан кезде өзінің алдында бір ғана мақсат қоюы керек. Ол жеңіске жету. Егер кейбір партия екінші орын аламыз деп жоспарласа, ол деген адын ала өзіңді жеңіліске дайындалып жатыр деген сөз. Біздің мақсатымыз ө жеңіске жету. Сол үшін біз расында да саяси күреске дайындалып жатырмыз, дайынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде