Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда заңсыз жұмыс істеп келген жеке балабақшада оқыс оқиға болды
Қарағандыда екі жастағы бала жекеменшік балабақшада оңбай күйіп қалды. Мектепке дейінгі мекеме заңсыз жұмыс істеп келген екен. Оны зардап шеккен бүлдіршіннің ата-анасы полциямен мен білім бөліміне шағымданғанда ғана білген.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
28.02.2023
Виктория Евтеева, Қарағанды тұрғыны:
- Тәрбиеші баланы жуындырмақ болғанда екінші бала жылаған, соған кетіп қалған. Сол аралықта менің балам ыстық суды бұрап ашып жіберіптіміс. Ыстық судан табанының терісі түсіп қалған. Енді аяғы көлкілдеп ісіп тұр.
Дәрігерлер баланың табанын термиялық күйік шалып, денесінің төрт пайызы зақымданған деген диагноз қойыпты. Анасының айтуынша, қазір ол аяғын басып тұра алмайды. Мемлекеттік балабақшада екі жасқа дейінгі балаларды қабылдамайтындықтан, ата анасы бөбекті жеке тәрбиешінің қарауына берген. Кейін ұлғайып орталыққа айналыпты. Алайда қандай да бір тексеріс келіп кетерде орталықтың бала қабылдамайтын тәртібі болыпты. Оның себебі қазір анықталып жатыр. Сөйтсе бөбектерді қарап келген мекемеде бұл кәсіппен айналысуға рұқсат болмаған. Аталаған жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Әлия Биева, Қарағанды білім бөлімінің маманы:
- Бұл мекеме заңсыз жұмыс істеп келген. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне рұқсаты болмаған. Сондықтан атааналардан баланы қандай да бір мекемеге берерде оның рұқсат қағазын тексеріп алуды сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram