{metadescription}
Пайызсыз баспана береміз деп салымшыларын сан соқтырған
Пайызсыз баспана береміз деп салымшыларын сан соқтырған

Пайызсыз баспана береміз деп салымшыларын сан соқтырған

Пайызсыз баспана береміз деп салымшыларын сан соқтырған «ЖК Otau kz» кооперативінің құрылтайшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жұрттың есебінше, аталмыш компанияға сеніп жер сипап қалғандардың саны 500-ден асады. Ең азы 1 миллион теңге, ең көбі 12 миллион теңге құйыпты.

Бірақ пәтер алатын уақыт келгенде кооператив кеңселерін тарс жауып ізім-ғайым жоқ болған. Ақыр аяғында жұрт баспанасыз әрі қаражатсыз қалған.

Талғат Кенжеғұловтың өз баспанасы жоқ. Осыдан төрт жыл бұрын үй боламын ау деген мақсатпен «ЖК Otau kz» тұтыну кооперативіне 2 миллион 600 мың теңге құйыпты. Алайда келісілеген уақыт әлдеқашан өтіп кетсе де, әлі күнге дейін тиісті баспанасына қол жеткізе алмай жүр. 

Талғат Кенжеғұлов, Астана тұрғыны:

- Ашылып жатыр деген соң ақша салдым. Астанада филиалы болған. Енді ақша да жоқ, үй де жоқ.  «Қазығы қағылып жатыр, дайындала беріңдер, орын қазылып жатыр» деген еді. Түк те жоқ. Төрт жыл болды. Әлі пәтер жалдап жүрмін.

Айтуларынша, алданған 500-ден астам салымшы компанияның жер жарған жарнамасына сеніп, келісімшарт жасасыпты. Таңдаған баспанасының құнына байланысты алғашқы жарнасын беріп, ай сайын тағы 50-60 мың теңгеден тағы құйып келген.

Гүлнар Тұрлыбекова, Алматы тұрғыны:

- Келісімшартта 18 айдан кейін пәтер беріледі деп жазылған. Сол уақытқа дейін тағы ай сайын ақша құйып отырдық. Бір жарым жыл өткеннен кейін пандемия деді. Тағы екі жыл күттім. Үй әлі жоқ. Қазір арыз жаздым.

Полицейлер аталмыш кооперативке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Екі күдікті құрықталыпты.

Руслан Данаев, Шымкент экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының м.у.а.:

- Мамандандырылған тергеу сотының қаулысына сәйкес, бір фигуранттың бұлтартпау шарасы үйқамаққа және екіншісінің бұлтартпау шарасы кепіл түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Осылайша салымшылардың қоныс тойын тойлау арманы көзден бұлбұл ұшқан. Жұрттың ендігі көздегені кооператив басшылары қатаң жазаға тартылып, салған ақшасын толық қайтарып алу. Соңғы кезі халықты алдайтын қаржы пирамидасы болсын, кооператив болсын жиілеп кеткені рас. Осы уақытқа дейін салымшыларын сан соқтырған компаниялардың арты сан мәрте ашылса да, алданып қалатындар қатары түсінбейтіндер азаймай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.