{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе облысындағы Қобда ауылында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысындағы Қобда ауылында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысындағы Қобда ауылында төтенше жағдай жарияланды. Тасқын судан мұнда 50-ден астам баспана бүлінген. Олардың бәрі саман кірпіштен салынғандықтан ылғалға шыдас бермей, шетінен опырылып құлап жатыр.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі қауіпсіз жерге көшірілген. Олар туыстарының үйін паналап жүр. Баспаналарына оралуға мүмкіндік жоқ. Өйткені аулалар көлкіген су.

Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар жалпы келтірілген шығынды есептеуі тиіс. Ал үйлері қирап қаңғып қалған тұрғындар көпшіліктен жәрдем сұрауға мәжбүр. Қол ұшын созуға кіріскен еріктілер бүгін кешке дейін гуманитарлық көмектің бір бөлігін жеткіземіз дейді. Шенділердің сөзінше, аймақтағы ахуал дәл қазір тұрақты. Су деңгейі көтерілмей қалыпты тұр дейді. Кеше Қобда ауылында су тасып тұрғындар үйінен әзер шығып үлгерген. Қызыл судың бағытын бұру үшін, тіпті күре жолды қолдан қиратып, арық  қазуға тура келген.

Құмар Тұрмағанбетов, Ақтөбе облысы ТЖД басқарма бастығы:

- 51 үй суға кетті. Сонымен қатар дене шынықтыру сауықтыру орталығы және СТО мен бір кафе. Қазір ол жерде судың деңгейІ жайлап түсіп келе жатыр, бірақ бақылауда тұр. Жалпы облыс бойынша жағдай тұрақты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде