{metadescription}
0:000:00
Астаналық кәсіпкерлер ақылы көлік тұрағына шағымданып жатыр

Астаналық кәсіпкерлер ақылы көлік тұрағына шағымданып жатыр

«Пайдасынан зияны көп». Астаналық кәсіпкерлер көшедегі ақылы көлік тұрақтарына әлі көндіге алмай шағымданып жүр. Көк жолақтар елорда көшелерінде алты жыл бұрын пайда болған.

Сауда орындары, саябақтар мен ірі ойын-сауық орталықтарының иелері тұрақ ақылы болғалы клиент азайды деген уәж айтумен келеді. Бүгін де сол бизнесмендердің бір тобы қала әкіміне шағымданды. 

Қайрат Көкенов, Kazproperty басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрағасы:

- Біз ақылы автотұрақтардың санын қайта қарастырса дейміз. Әрине, бизнес нысан, туристік орындарда бола берсін. Бірақ бизнесін жүргізіп отырған дүкен, бизнес орталықтардың жанындағы тұраққа арналған жерді сол кәсіп иелеріне ұзақ уақытқа жалға беруін сұраймыз. Сонда жүргізушілерге де сервис жасалар еді.

Қала әкімі де ақылы тұрақтың бірсыпырасы алынатынын айтты. Бірақ бизнес орындары емес, әлеуметтік нысандар алдындағы орындар. Қазір ақылы тұраққа «Астана тұрақ кеңістігі» компаниясы жауапты. Бүгін шағым айтқан кәсіпкерлерге сервис те ұнамайды. Дегенмен тұрақ саны мұнымен азаймайды. Өйткені Астанаға қазір кемі 10 мың орын қажет екен. Ал ақша төлегісі келмейтін жүргізушілер қазірдің өзінде көпқабатты үйлердің ауласын заңсыз тұраққа айналдырып жүр. Мұның кесірі тұрғындарға тиюде.

Жансұлтан Сапарбаев, Астана көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы:

- Қазір қалада 6900 орындық тұрақ бар. Оның ақылы 1600-ын алып тастадық. Өйткені әлеуметтік нысандардың алдына сызылған. Айыппұлдан алынған ақшаның барлығы жергілікті бюджетке түседі. Ал ақылы автотұрақтан түскен ақшаның 95 пайызы мердігер компанияның үлесі. Қалған 5 пайызы әкімдікке тиесілі. Бұл санды алдағы уақытта 25 пайызға дейін өсіруді қарастырып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде