Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте үш жасар бала көлік моторын жуатын химикатты ішкен
Шымкентте көліктің моторын жуатын химикатты ішіп қойған бүлдіршіннің беті бері қарады. Автокөлік жөндеп жүрген әкесінің жанында ойнап жүрген Арман есімді үш жасар балақай улы сұйықтықты тәтті сусынмен шатастырып алған.
Автор: Бек Әбиев
31.03.2023
Іңкәр Сарыбаева, анасы:
- Ойнап жүрген, күйеуім машина жөндейді ғой. Пепси әкеп қоятын, сусын деп ішіп қойған ғой. Негізі көбінесе химииялық ыдысында тұратын. Соны ішіп қойған.
Дәрігерлер химиялық затты ішкен балақай емдеу орталығына дер кезінде жеткізілді деп отыр. Әйтпесе ауыз қуысы, өңеші мен асқазаны күйген баланың жағдайы әлдеқайда ауыр болуы да мүмкін еді. Онымен бірге бір күнде ауруханаға сірке суын ішіп қойған бес жасар бала да ауыз қуысының химиялық күйік шалуымен жеткізілді. Қазір ол да өздігінен тамақтана алатын жағдайға жетті. Дәрігерлер екі жағдайда да бүлдіршіндер ересектердің қарауынсыз қалғанын айтты.
Марат Кәкенов, Т. Орынбаев атындағы гипербария оксигенация орталығының токсиколог-дәрігері:
- Ем антибактериялы терапия дейді. Емдеп жатырмыз. Баланың ішкі құрылысы, аузы күйген, жағдайы орташа дәрежеде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram