Гүлмира Сатыбалды кәсіпкер Алагөзовке 6 млрд 584 миллион өндіріп беруге тиіс
Бүгін белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайына үкім кесілді. Астананың Есіл ауданы №2 соты адам ұрлау, "алдын ала сөз байласып, күш қолдану сияқты бірнеше бап бойынша Гүлмира Сатыбалдыны кінәлі деп тапты. 7 жыл жазасын ол орта тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс.
Автор: Мерей Қалиасқар
04.05.2023
Кемеңгер Имашев, Астана қаласы №2 Байқоңыр ауданы сотының судьясы:
- Гүлмира Сатыбалды ҚР ҚК 389-бабы 4-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен қатар Гүлмира Сатыбалды ҚК 28-бабы 3-бөлігі 1,8-тармағы және осы баптың 125-бөлігінің 2-тармағы бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын.
Сот үкіміне сәйкес, Гүлмира Сатыбалды кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке 6 млрд 584 млн. теңге ақша өндіріп беруге тиіс. Ал моральдық өтемақы ретінде 1 млн. теңге беруге міндеттелді. Десе де, сотталушының дүние-мүлкі тәркіленбейді. Бірақ "Құрмет" орденін қайтаратын сыңайлы. Өйткені судья осы құрметтен айыру туралы президентке ұсыныс жасады. Сатыбалдымен бірге бүгін оның сыбайластары делінген екі адамға да үкім кесілді. Мәди Батыршаев – 7, ал Рашид Өтебеков 5 жылға сотталды. Тергеу мәліметінше, олар адам ұрлап және "бизнесті тартып алуға көмектескен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары