{metadescription}
0:000:00
Степняк – Щучье - Уәлихан тасжолына күрделі жөндеу басталды

Степняк – Щучье - Уәлихан тасжолына күрделі жөндеу басталды

Ақмола облысында әбден тозығы жеткен Степняк-Щучье-Уәлихан тас жолына күрделі жөндеу басталды. Бұл облыстық маңызы бар жол алты бірдей ауылды басып өтеді. Ал ойдым-ойдым тасжолдан шаршаған жүргізушілер қуанып отыр.

Неғман Ақанов, Үлгі ауылының тұрғыны:

- Жол азабын әбден көріп келе жатырмыз. Көлігіміз осы жолдан қирап, жөндеуден өткізеөткізе, жүріп-тұру қиын болды. Жолдың сапалы болғаны жақсы. Біздің тілегіміз де сол.

Алты ауылды айналып өтетін тасжол қос жолақты болады. Курортты аймаққа дейін баратын 42 шақырымды мердігер компания үш жылда салып бітіруге тиіс. Степняк қаласынан Үлгі ауылына дейін жеті шақырым жолды аяқтап қалған «Көкшетау жолдары» Серіктестігі жеті жерден су ағатын өткел салыпты. Құрылысқа маңайдағы ауыл тұрғындары тартылған. Қазір ауыр техника жерді тығыздап, жолды кеңейтуге кіріскен.

Ұлан Байсейітов, Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:

- Қазір жол қабатын тығыздап, цементбетонмен бекітіп жатырмыз. Биыл республикалық бюджеттен 2 миллиард 100 миллион теңге бөлінді. Жұмыс жалғасып жатыр. Бірнеше жерден су өткізетін құбыр тартып жатырыз. Осы жылы 15 шақырым жолды асфальттап тапсыруға тиіспіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде