Зауыттың зиян қалдығын қалада көме салған – Атырау
Атырауда зауыттан шыққан зиян қалдықтар қаланың ішіне көмілген. Қапқа салынған катализаторлар Бірлік ықшамауданының мыңына төгіліпті. Бұл Атырау мұнай және газ өңдеу зауытынан шыққан қалдық болуы мүмкін дейді эко-белсенділер.
Автор: Жанат Молдашова
23.05.2023
- Үлкен ластану жүріп жатқанын көріп отырмыз. Мұның ішінде аллюминий оксиді, никель сияқты түрлі түрлі қоспа бар. Олар жерасты суын ластауынан бөлек, бұл жерге жан-жануар, адам келетін болса, обыр туғызушы фактор болады.
Құзырлы органдардың есебінше, екі мың шаршы метр аумаққа улы қалдықтың 700 тоннадан астамы көмілген. Зиянды химиялық қоспалар Атырау мұнай газ өңдеу зауытынан шығатын катализаторлардың құрамына сәйкес келіпті.
Экологтар мен табиғатты қорғау прокуратурасы аталмыш дерекке қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда зауыт өкілдері әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына қалдықтарды жоюмен мердігер мекеме айналысады деген хабарлама ғана қалдырған.
Атырау мұнай және газ өңдеу зауыты:
- Расында да катализаторлар зауыттың технологиялық процестері барысында пайдаланылады. Келісімшартқа сәйкес қолданылған қатализаторлар арнайы мердігер компаниялардың көмегімен жою (утилизация) мақсатында зауыт аумағынан шығарылады. Экологиялық кодекске сәйкес, АМӨЗ лицензия негізінде қалдықты жою операциясын жүзеге асыра алатын мамандандырылған компаниямен келісімшарт жасайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары