Түркияда лир құнсызданып, азық-түлік қымбаттаған
Түрік валютасы президент сайлауынан кейін тарихи минимумға түсті. Бір доллар – 20 лир. Қазір Түркияда оқып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар күнкөрістің қиындап кеткенін айтады. Өйткені қарапайым азық-түліктің өзі былтырдан бері екі есе шарықтаған.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
30.05.2023
«Лирдың бұлай құнсыздануына Режеп Ердоғанның ақша-несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен» - дейді халықаралық сарапшылар. Инфляция өсіп, ал базалық мөлшерлерме сол қалпы. Қаржы дағдарысының алдында тұр деген Анадолыға демалуға баратын отандастарымыздың саны да күрт азайған.
Кеше Режеп Тайып Ердоғанның президент сайлауында жеңіске жеткені сол еді, лирдың құнсыздануы рекорд көрсеткішке жетті. Қазір 20 лирға бір доллар келеді. Шетелдік ақпарат құралдары түрік валютасының әлі де құнсызданатынын әзірден болжап отыр. Олардың есебінше, жыл соңына дейін тіпті 30 пайызға дейін құлдырауы мүмкін. Анадолыда оқып, жұмыс істеп жүрген отандастарымыз қазірдің өзінде киім-кешектен бастап, азық-түлікке дейін ек есе шарықтап кеткенін айтады.
Нұрсұлтан Қуантай, студент:
- Лира қалай түсті, азықтүліктің бағасы бірден көтерілді, екі есеге. Мысалы, бұрын жәй ғана дүкеннен азық-түлік алуға 100 лир кететін, қазір 100 лирдің өзі жеткіліксіз. Қазір 200 лирдай алып шығу керек. Лир құлағаннан кейін халық та жабырқау десек болады.
Мұндай өзгеріске сондағы халықтың ғана емес, әдетте жаз шыға Түркияға ұша жөнелетін қазақстандықтардың да көңілі толмай жүр. Отандық туроператорлар Түркия курортына аттанамын деушілердің саны биыл күрт азайды дейді.
Александр Ақназаров, туроператор:
- Былтыр осы уақытта жұмысымыз қызу болған. Түркияға баратындар ң саны әлдеқайда көп болды. Қазір күрт азайды. Тымтырыс. Былтыр Түркияда бір апта демалуға 1100-1200 доллар керек болатын. Биыл мың жарым долларға дейін. Өйткені ол елде бәрі екі есе қымбаттап кеткен.
Өзге мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, ышқындап бара жатқан инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені көтеру керек. Бірақ Ердоған мұны пайдаланбай отыр. Экомистер оның көздегені де осы дейді. Яғни ол тікелей нарық экономикасын қолдайды деген сөз. Өйткені Түркияның экспорты имортынан әлдеқайда жоғары.
Мақсат Сералы, экономист:
- Түркия – ішкі нарығын қамтып отырған мемлекеттердің бірі. Қазір инфляция экспорттаушы мемлекеттерге артықшылық болып есептеледі. Өйткені оның тауары сыртқы нарыққа шыққан кезде, сәйкесінше, тауар бағасы төмендейді. Өйткені ішкі нарықтағы лир төмендеді. Сол себепті оларға еш қорқыныш жоқ.
Түрік лирі кешегі сайлаудың екінші кезеңінен кейін бір күнде құлдырамады. Осыдан екі жыл бұрын Ердоған ұлттық валюта бағамын ұстап тұра алмағаны үшін елдің қаржы министрін орнынан алып тастаған. Бірақ түйткіл сол күйі тарқатылмай, одан бетер ушығып кеткенін көріп отырмыз. Түркияның енді келесі қадамы қандай болмақ? Экономистер айтқандай, мемлекетке тиімді болған соң, базалық мөлшерлемені сол күйі қалдыра ма, әлде Түркияны жаңа экономикалық реформа күтіп тұр ма? Оны енді уақыт көрсетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!