{metadescription}
0:000:00
МАЭК іске қосылып, энергия тапшылығы жойылды

МАЭК іске қосылып, энергия тапшылығы жойылды

Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы жөндеу аяқталды. Апаттан кейін кәсіпорын қайта іске қосылды. МАЭК-тің мамандары энергоблок қазандығын суытуға көп уақыт кеткенін айтады. Шенеуніктер аталған аймақта энергия тапшылығы жойылғанын мәлімдеді.

МАЭК-тегі №1 энергоблоктың жұмысы 3 шілдеде тоқтап, Маңғыстау және Атырау өңіріндегі елдімекендер мен өнеркәсіп нысандары жарықсыз қалған. Тіпті энергия тапшылығынан Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының жұмысы да уақытша тоқтаған.

Күні кеше премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтауға жұмыс сапарымен барып, стратегиялық нысанның қалпына келтіру жұмысымен танысты. Үкімет басшысы энергетика комбинатының тозған құрал-жабдығын өз көзімен көріп, оны жаңартуға бюджеттен 4,9 миллиард бөлінетінін айтты. Себебі, дәл осы кәсіпорын өңірдегі өндіріс ошақтарын және халықты электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етеді. Қазір апаттың себебін арнайы мемлекеттік комиссия анықтап жатыр.

«МАЭК» ЖШС:

- Кәсіпорын қызметкерлері оқиға орын алған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеуді тез қолға алып, оны қалпына келтіруге жұмылды. МАЭК мамандарының уақытында жедел ісқимыл жасауының  арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келмеді. Маңғыстау облысының елдімекендерінде тұрмыстық тұтынушыларын электр мен жабдықтауда шектеу болған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде