Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бүтін бір ауыл ешкі шаруашылығына қарсы шықты
Алматы облысында бүтін бір ауыл ешкі шаруашылығына қарсы шықты. Тұрғындар төрт-түліктен шыққан қолқаны қабатын иіс пен қаптаған шыбын-шіркейден мезі болған. Шыдамы таусылған тұрғындар бүгін ферманың алдына жиналып шу шығарды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
06.07.2023
Ал, асыл тұқымды ешкі асырап отырған кәсіпкер «құжаттарымыз түгел, бәрі заңды» дейді. Ауыл ортасынан ойып, мыңғыртып мал ұстау қаншалықты дұрыс?
Жабысқақтар шақ келмеген соң, кемертоғандықтар шыбын-шіркейдің көзін осылай сан түрлі айла тауып құртатын болған. Зиянкестермен күресіп жүргеніне сегіз жылдан асыпты. Бәріне кінәлі мына нысан дейді. Әу баста, мұнда сиыр өсірген. Кейін жабылып тынған. Биыл енді ешкі шаруашылығы ашылыпты.
Сауытбек Барманбетов, Кемертоған ауылының тұрғыны:
- Биыл, міне, ешкіні алып келді. Есік алдында шыбынды үйіп қойғанбыз. Одан құтылу мүмкін емес. Одан кейін, кешке жақын иіс келген кезде үйге қашып кіреміз. Ауру қайдан келеді? Бұл инфекция тарататын нәрсе, шыбын деген. Шыдап отыру мүмкін емес. Ферманы ауылдың ортасына емес, сыртқа салу керек қой.
Жұрттың мазасын алған нысан. Жалпы аумағы жеті гектардан сәл асады. Айналасы толық қоршалған, әзірге тұрғын үйлердің шатырынан көрсетуге тура келіп отыр. Жалпы шаруашылықта 300 ешкі және 200 лағы бар. Мал көп. Бірақ санитария талабы сақталмаған дейді жұрт. Тұрғындар ешкі шаруашылығының ауыл ішіне қалай орналасқанын түсінбей жүр.
Ербол Қожамқұлов, Кемертоған ауылының тұрғыны:
- Кәріздері жоқ. Сыртқа ағып жатыр. Сасиды. Көктемде ол тасиды да, сайдағы үйлерге қарай ағады. Бұның салығы да төленбеген екен. Миллиондаған қарызы бар екен.
Халықтың наразылығынан кейін кәсіпкер төбе көрсетті. «Заңды бұзбадым, құжаттарым түгел, сасық иіс шығуы мүмкін емес» дейді.
Жазира Шаяхмет, Tengri Milk ЖШС директоры:
- Біздің аумағымызда ешқандай боқ жоқ. Иіс болуы мүмкін емес, себебі ешкінің өзі өте асыл тұқымды, өте таза мал. Шыбыншіркеймен күресіп жатырмыз. Негізі дезинфекция үш айда бір рет жасалады, біз екі аптада бір рет жасаймыз. Заңға сәйкес шарттарды орындадық. Барлық рұқсаттаманы алдық. Тек рұқсат арқылы ғана осы жерде жұмыс істеп жатырмыз. Салығын дер кезінде төлейміз. Барлық рұқсаттаманы тоқсан сайын өтеміз.
Алайда бұл сөз қарашаның көңілін көншітпеді. Олар кәсіпкердің жергілікті билікпен ауыз жаласып отырғанына сенімді. Аталмыш шаруашылықтың орнына мектеп тұрғызылуын талап еткен тұрғындар құқық қорғау органдарына арыз жазуға бел буып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Серіктестер жаңалықтары